Сайтқа кіру Тіркелу

Менің Қазақстаным

Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан туралы білім беру. Қазақстан Республикасының картасымен таныстыру. Қазақстан Республикасының
жеріне құрметпен қарауға, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, картасы.

Шаттық шеңбері: Балалар бір - бірімен амандасып шығады.
Сәлем сөздің анасы.
Сәлеметсіздер ме балалар?!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.
(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.

Сұрақтарға жауап алу.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Күзде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
Бүгінгі тақырыбымыз: «Менің Қазақстаным» еліміздің республика күні туралы болады.

Кіріспе әңгіме
— Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
— Бас қаламыз қай қала?
— Біздің елбасымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев — өзі еңбекқор, білімді, ізденімпаз. Ол өзінің осындай еңбекқорлығының арқасында мемлекетіміздің мықты басшысы бола білді. Қазіргі президентіміз – Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Оны рәміздер деп атаймыз.

СЕРГІТУ СӘТІ:
Бір шаңырақ астында,
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан.,
Бірлік асыл мұрамыз!

Оқу барысы: Балалар бұл Қазақстан республикамыздың жері – картасы. Карта ол біздің жеріміздің кішірейтілген үлгісі. Біздің жереміз қаншалықты кең болса да, картаға кішірейтіліп салынады. Картада еліміздің жер, су, қалалары көрсетіледі.

- Балалар қазір біз осы Қазақстан Республикамыздың картасын А1 қағазына гофр қағазын, желімді пайдаланып жасаймыз. (қажетті құралдар: А1қағазы, желім, гофр қағазы)
Қорытынды:
«Ыстық доп» әдісі.
— Бүгінгі оқу қызметі саған ұнады ма?
— Қазақстан Республикасының президенті кім?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Тұғыры биік Елбасы"

Мақсаты: Балаларға «
Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, Елбасының жасаған еңбектері туралы айтып беру. Отанға, туған жерге деген...
Менің Қазақстаным - менің болашағым!

Менің Қазақстаным - менің болашағым!

Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту....
Біздің сүйікті - Елбасы

Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...
Президент күні

Президент күні

Презентация Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам....
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×