Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Рационал бөлшекті қысқарту.
Мектеп: №195 мектеп - гимназиясы
Мұғалімнің есімі: Қожағұлова Шынар
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 1. «Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті» тақырыбының мазмұнын оқушылардың өз бетімен толық меңгеруіне, практикада дағдыларын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасау.
2. Білім жетістіктерін әділ бағалауды қамтамасыз ету.
Жетістіктер критерийлері
Барлық оқушылар: «Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті» тақырыбы бойынша: рационал өрнектер туралы, рационал бөлшектің негізгі қасиетін, рационал бөлшектердің мүмкін мәндерінің жиыны (ММЖ) жөнінде, рационал бөлшектерді қысқартуды, рационал бөлшектердің мүмкін мәндерінің жиынын табуды біледі.
2. Біліп үйренгендерін қолданып үлгі бойынша есептер шығарады.
Басым бөлігі: (түсінеді, талдайды, білімін өзгертілген жағдайда қолданады).
Кейбір оқушылар:(білімін жинақтайды, рефлексия жасайды).
Әдіс – тәсілдер: «Иә және жоқ», «Танымпаз оқушы», Вен диаграммасы, Кластер құру.
Негізгі түйін сөздер мен тіркестер:
шеңбер - круг - circle
бүтін – целое - unit
өрнек - Выражение - Expression
бөлшек – розничной - retail
рационал – Рациональная - Rational
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Интерактивті тақта, флипчарт, слайдттар, маркерлер, стикерлер, оқулық, оқушының жеке дәптері, жұмыс дәптері, мұғалім кітабы.
№ Кезеңнің міндеттері Мазмұны Әдіс - тәсілдер формасы Кезеңнің ресурстары Қосымшалар Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Кезеңнің нәтижелері
1 2 3 4 5 6 7 8
І кезең (5 - 7 минут)
1. Ұйымдастыру сәті
1 мин. Сәлемдесу. Оқушылардың қатысуын тексеру «Иә және жоқ» жаттығуы. Топтық жұмыс Әуен арқылы релакация
Қосымша 1 Жаттығу ұйымдастырды Жаттығуды орындайды Оқушылар сабаққа дайын
2. Үй жұмысын тексеру.
3 мин Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар жауабымен Бірін - бірі тексереді. Жұптық Мұғалім кітабынан: жауабымен деңгейлік тапсырмалар бойынша дайындалған слайдтар Деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу дәрежесін тексереді. Ол үшін онлайн тақтада жауаптарын көрсетеді немесе өзі айтып тұрады. Көршісімен дәптерлерін алмастырып, «+» немесе «-» белгілерін қояды да өзіне қайтарып береді. Қорытынды балы мониторингке тіркеледі. Сәйкес баға сынып журналына қойылады.
3. Білімді актуалдау: Жаңа сабақты меңгеруге дайындығын тексеру. Проблеманы жинақтау
3 мин Оқулықтағы «Есіңе түсіріңдер» тапсырмалары Сұрақ - жауап, жеке фронтальды, «Ассоциативті қатар» тәсілі Оқулық, жеке дәптерлері. Қосымша 2 Сыныпты аралап жүріп жеке тексереді. Сосын фронтальді түрде бірнеше оқушыдан жауап алады. Дұрыс орындаған тапсырмаларын «+»- пен белгілейді немесе түзетеді. Жауаптары талқыланады.
ІІ кезең (10 - 15 минут) Оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру
4. Мазмұнның теориялық бөлімін меңгеру. Проблеманы шешу.
5 - 7 мин Үйде алдын ала дайындап келген оқулықтағы мәтіннің соңындағы «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары «Төңкере оқыту» Өз бетімен топтық жұмыс, «танымпаз оқушы» әдісі Онлайн тақтасы, слайдтар, оқулық, оқушының жеке дәптері
Қосымша 3 1. Оқушыларды «Реттік санау» әдісі арқылы топқа бөледі. Олар дайындалып болғанша, мұғалім «кешегі»тақырыптың қорытынды балын мониторингке белгілейді және сынып журналына қояды.
2. Оқушылардың қорғау жұмысын олармен бірге талқылайды. 1. Барлық тапсырмалар бойынша қорғауға дайындалады.
2. Әр топ критерий бойынша тиесілі: «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмаларының біреуін қорғайды. Басқалары толықтырады. Ең нашар оқитын оқушыға дейін топ жұмысында жаңа тақырыпты талдауға қатысады.
5. Теориялық бөлімін практикада бекіту.
5 мин Оқулық бойынша «Қолдану», «Баға беру» тапсырмалары Жеке және тақтада жұмыс Тақта, бор, оқушының жеке дәптері. Оқушылардың бекіту жұмысын дұрыс орындау дәрежесін қадағалайды. Түзетеді, көмектеседі. Бірнеше оқушы тақтамен, қалғандары өз бетімен жеке дәптеріне жұмыс жасайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады
ІІІ кезең. Кері байланыс (сабақтың соңына дейін, соның ішінде 3 минут - сабақтың қорытындысы)
Жұмыс дәптеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында балл жинау
6 Әр деңгейдің критерийлері Мазмұны қосымшалар Әдіс - тәсілдер. формасы Ресурстар Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Кезеңнің нәтижелері
1 - деңгей (барлық тапсырмалар үшін 5 балл беріледі)
7 «Білу»
«Қолдану» (үлгі бойынша) «сынақтан өтті - сынақтан өтпеді» арқылы әр оқушы орындауға міндетті Жұмыс дәптеріндегі 1 - деңгей тапсырмалары жауабымен қосымша 4 Өнімсіз әдіс (үлгі бойынша орындау) Оқулық, жұмыс дәптері Мұғалім басқарады, тексереді, түзетулер енгізіп қатал бақылайды. Дұрыс орындалған тапсырмаларды тақтада ілулі тұратын бағалау кестесіне тіркетеді Барлық оқушы орындауға міндетті. Мұғалімнің тексеруінен кейін, дұрыс нәтижелерін тақтадағы кестеге белгілейді. Өзінің дұрыс жауабы бойынша көршілерін тексеріп, тақтадағы кестеге тіркетеді. Үздік оқушылар сынақтан автоматты түрде өтуіне құқылы. Білім, біліктілік негізі салынады. «сынақ» алып 5 балл жинайды. Келесі деңгейді орындай алмаса журналға «3» бағасы қойылады.
2 - деңгей (барлық тапсырма үшін 4 балл қосылады)
9 1 2 3 4 5 6 7
«Түсіну», «Талдау», «Қолдану» (өзгертілген жағдайда) Жұмыс дәптеріндегі 2 - деңгей тапсырмалары жауабымен қосымша 4 Өнімді әдіс: «Вен диаграммасы» Оқулық, жұмыс дәптері, анықтамалар. Мұғалім басқарады, тексереді, түзетулер енгізіп қатал бақылайды. Дұрыс орындалған тапсырмаларды тақтада ілулі тұратын бағалау кестесіне тіркетеді Даму қабілетіне, қызығушылығына қарай, тапсырмалар орындауды жалғастырады. Дұрыс жауап үшін «+» алған оқушы көршісін тексереді. Ойлау қабілеті дамиды. Жинаған 5 балға 4 балл қосып 9 балл алады, Ол «4»
3 - деңгей (барлық тапсырма үшін 3 балл қосылады)
10 «Жинақтау» «Баға беру» немесе «Рефлексия» Жұмыс дәптеріндегі 3 - деңгей тапсырмалары жауабымен қосымша 4 Өнімді әдіс: «Кластер құру» Оқулық, жұмыс дәптері, анықтамалар, АКТ. Мұғалім басқарады, тексереді, түзетулер енгізіп қатал бақылайды. Дұрыс орындалған тапсырмаларды тақтада ілулі тұратын бағалау кестесіне тіркетеді Даму қабілетіне, қызығушылығына қарай, тапсырмалар орындауды жалғастырады. Дұрыс жауап үшін «+» алған оқушы көршісін тексереді. Тақырыпты толық меңгереді. 9 балға 3 бал қосып 12 балл алады. Журналға «5» қойылады. Қалауына қарай үйде олимпиада тапсырмалары
Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы тапсырмаларды 1 - деңгейден бастап, үлгергенше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында әзірге сыныпта жиналған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді (ол жұмыс дәптерінің соңында тіркелген). Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балл қосылып, барлық балл саны: мониторингке тіркеледі. Сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.
Үй тапсырмасы:
1. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.
2. Келесі тақырыптың «Есіңе түсіріңдер» тапсырмасын жеке дәптеріне орындау.
3. Оқулықтағы келесі тақырыптың мәтіннің соңында берілген «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмаларына презентациялар дайындап келу. Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындау керектігіне шолу жасау.
Рефлексия: 1. Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
2. Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
3. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
Төмендегі бос жолдарға сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Рационал бөлшектер және оның негізгі қасиеті
- jailma_195_81
- 26 ақпан 2017
- 3501
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рационал бөлшектер
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғат - менің өз үйім
І кезең. Мұғалім алғашқы 5 - 7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап...Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Рационал бөлшектердің көбейту және бөлу алгоритмдеріне байланысты ережелер мен қасиеттерін меңгеріп, есептер...Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт негізгі мектебінің математика пән мұғалімі: Есекеева Раушан Молдағалиқызы...Рационал бөлшектерді қосу және азайту
Батыс Қазақсатан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы Ақтау ОЖББМБ Математика пәнінен мұғалімі: Суюнчалиева А. К....Біздің ауыл
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрмашева Салтанат Пәні: ДҮНИЕТАНУ Класс: 1 Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.