Ашық сабақ 7 сынып
Мақсаттары:
Білімділік: Бүтін өрнекті түрлендіруді білу, мәнін түсіну, дәлелдей білуі
Дамытушылық: Бүтін өрнекті түрлендіру тақырыбы бойынша алған білімдерін практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: Саралап деңгейлеп оқыту Қараев Ж. А., Кобдикова Ж. У.
Модульдік оқыту технологиясы Жампейсова М. М.
Көрнекі құралдар: АКТ мүмкіндіктері, Интербелсенді тақта, электронды оқулық, «Бағдаршам» түстері, смайлик, карточка, бағалау парағы «Басбармақ»
Сабақ оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: АКТ, сұрақ - жауап
Сабақтың жоспары:
Мұғалімнің іс - әрекеті: Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту
2. Оқушыларды топқа бөлу, ой қозғау
3. Оқушыларды тақырыпқа қызықтырып бағыттау
4. Жұмыстарын өзін - өзі бағалауға бағыттайды
Оқушылардың іс - әрекеті:
1. Сабақта мұқият жеке, топта жұмыс істейді
2. Интерактивті тақта арқылы берілген тарсыпмаларды орындайды
3. Әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы сұрақтарға жауап беріп, жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар орындайды, есептер шығарады
4. Өз ойларын қорытады, қағаз бетіне бейнелеп, есептің нәтижелерін ауызша дәлелдейді
I кезең — Қызығушылығын ояту кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйлерін сабаққа аудару. Қолдарыңыздағы смайликтер арқылы көңіл – күйлеріңізді білдіріңіздер
Оқушыларды бағдаршам тәсілі арқылы топқа бөлу. Өздері қалаған түсін таңдап, сол топқа отырып, топ басшысы сайланады. Бағалау парақтарын топбасшы топпен бірге толықтырып отырады.
II кезең – Үй тапсырмасын тексеру
Жалғасын тап: (Интерактивті тақта арқылы формулалардың жалғасын табу керек)
Жауабы: Өзіңдітексер! Электронды оқулық арқылы тексеру
Оңтүстік Қазақстан облысы
Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі
Орындаған оқытушы Б. Устемирова
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.