Сайтқа кіру Тіркелу

Бөлшек – рационал өрнектерді тепе - тең түрлендіруге есептер шығару

Сабақ тақырыбы: Бөлшек – рационал өрнектерді тепе - тең түрлендіруге есептер шығару
Жалпы мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа алып, осы тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;
Сабақ мақсаты: Оқушыларға рационал бөлшектің негізгі қасиеті мен оларға амалдар қолдану арқылы рационал бөлшектерді түрлендіре білуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру; ұжыммен және өз бетінше еңбек етуге, жауапкершілікке, мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу.
Сілтеме:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. 7 - сыныпқа арналған алгебра оқулығы
3. Ғаламтор материалдары

Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру
Оқушылардың сабаққа қатысын, оқу құралдарын тексеріп, жылы шыраймен сәлемдесу.
Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
- Әрбір адам? – Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық

Топқа бөлу. «Көбелек»
Ынтымақтастық оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
«Алтын ереже» құрастыру
 Уақытты тиімді пайдалану;
 Топтағы жұмысқа кедергі жасамау;
 Барлық пікірді мұқият тыңдау;
 Әр адам өз ойын айтуға құқылы;
 Бір - бірімізді әділ бағалау;

Ой қозғау
• Қандай адам білім алса тәуірлеп,
• Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп. (Ж. Баласағұн)
«Шаршы 6*6»
У Т Й А Б Ө
О Р А З Р Л
У Т Е И А Ш
Л А Н О Ц К
Л Т Ү Р Н Қ
Б Ө Л У С О

«Алтын асық» ойыны.
1. Бөлімінде айнымалысы бар бөлшектер рационал бөлшектер деп аталады.
2. Айнымалының кез келген мүмкін болатын мәнінде сан мәндері әр түрлі болатын екі өрнек тепе - тең өрнектер деп аталады.
3. Берілген өрнектен оған тепе - тең өрнекке көшуді тепе - тең түрлендіру деп атайды.
4. Рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе, рационал бөлшектің шамасы өзгереді.
5. Бөлшекті қысқарту дегеніміз – бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көбейткіштерге бөлу.
6. Рационал бөлшектерді қосқанда, алымы алымына, бөлімі бөліміне қосылады. Рационал бөлшектерді азайтқанда алымнан алымы, бөлімінен бөлімі азайтылады.
7. Рационал бөлшектерді көбейткенде бөлшектердің алымы алымына, бөлімі бөліміне көбейтіледі.
8. Рационал бөлшектерді бөлгенде, алымын алымына, бөлімін бөліміне бөлеміз.

С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Абдрахманова Эльмира Батырханқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал сандарды азайту

Рационал сандарды азайту

Координаталық түзуде қарама - қарсы сандардың орналасуы, еске түсіре отырып, рационал сандарды азайтуды біледі....
Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы

Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы

Рационал сандарды ондық периодты бөлшек түрінде жазуды үйрету; Тақырыпты меңгерте отырып, есептер шығару барысында оқушылардың білім - білік,...
Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару

Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы...
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Рационал бөлшектердің көбейту және бөлу алгоритмдеріне байланысты ережелер мен қасиеттерін меңгеріп, есептер...
Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Батыс Қазақсатан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы Ақтау ОЖББМБ Математика пәнінен мұғалімі: Суюнчалиева А. К....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×