Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: түсіндіру,ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- «Қазақстан Тәуелсіздік» күні және «Жаңа жыл» мерекесі
- Қане балалар тақтаға қарайықшы, кімнің суретін және нелерді көріп тұрсыңдар?
- ҚР -сын кім басқарды?
- ҚР рәміздерін кім атап береді?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Ендеше балалар, биыл 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
- 20 жыл толады екен?
- Өте жақсы
- Балалар тағы қыс мезгілінде қандай мереке бар?
- Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?
- Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Шырша құрастыру арқылы, кестелік қосу және азайту ( +1, -1) есептеу.
7 + 1 =
9 – 1 =
10 – 1 =
8 + 1 =
2 + 1 =
5 – 1 =
9 + 1 =
4 – 1 =
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Математикалық жұмбақ
ІV. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау
2 + 4 = 6
2 + 3 =
2 + 2 =
6 – 2 = 4
5 – 2 =
4 – 2 =
- Енді шыршаны безендірейік. Шыршаға ойыншықтар ілу. Ойыншықтардағы тапсырмалар жасырын тұрады, соны өздері орындап шығады.
- Балалар, шыршаны безендірдік, енді «баспалдақ» ойыны арқылы шыршаға жұлдызды ілу керек.
Ережені қорытындылап айтқан балаға жұлдыз беріледі, ол жұлдызды шыршаның басына іледі
V. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, біздің әсем шыршамызға аяз ата мен ақшалар келуге асығуда, ендеше ортаға аяз атамыз бен ақшақарды шақырайық.
- Аяз ата мен ақшақар келіп, қонақтар мен оқушылармен амандасып, жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, оқушыларға тапсырма ала келгені туралы айтады. Тапсырмасын орындаған оқушыларға өз сыйлығын береді.
VІ. Сергіту сәті
Ән айтылады, оқушылар билейді.
VІІ. Дәптермен жұмыс
1-тапсырма.
Қосылғыштардың бірі 2 болатын қосындыларды кесте арқылы жазу.
2-тапсырма.
Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз.
3 – тапсырма.
Сурет бойынша өрнек құрастыр.
4 –тапсырма.
«Қар жауар» оны арқылы математикалық диктант жазу.
Логикалық тапсырмаларды орындату.
VІІІ. Қорытынды
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекені есімізге түсірдік?
- Сонымен бүгін не құрастырып шығардық?
- Шыршамызға кімдерді шақырдық?
- Аяз ата қандай тақырыпқа байланысты тапсырмалар берді?
ІV. Бекіту.
- Балалар, осы шыршамызға келген аяз аталарының сыйлықтары бар екен, сол сыйлықтарды аяз - ата сабаққа қатысқан оқушыларға үлестіреді.
- Балалар сабақ ұнады ма?
- Сендер шаршадыңдар ма?
- Қандай көңіл-күй сендерге көмек береді?
- Бір күліп сергіп алайық
Х. Мадақтау.
Қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ашық хат беріледі.
Сабағымыз аяқталды. Рахмет! Сау болыңыздар!
2 санын қосу және азайту
- Shotyubasova Anar
- 29 сәуір 2012
- 15445
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ, слайд, математика, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
7 санын қосу және азайту
Бастауыш сынып мұғалімі: Рахимбаева Р....7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...4 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және саннан 4 - ті азайту тәсілдерімен таныстыру. Қосылғыштардың біреуі 4 болып...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Кестелік қосу және азайту
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Бестерек орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы математика 2 сынып Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.