Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің
математика пәні мұғалімі:
Итбаева Акерке Абдыкалыевна
Математика 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Теріс сандарды қосу
2. Тақырыптық презентация
3. Электрондық оқулық
SMART мақсат Оқушыларға теріс санды қосу ережесін пайдаланып, есеп шығара білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Теріс сандармен есептер шығару ережесін жатқа біледі, оны қолданып есептер шығара алады.
Түйінді идеялар Екі теріс санды қалай қосу керек?
Екі теріс санның қосындысы – қандай сан?
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері Топтық және жеке жұмыс
Пәнаралық байланыс География
Оқыту модулі 1. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу; 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 4. Оқыту мен оқудағы АКТ - ны пайдалану; 5. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер; 6. Талантты және дарынды балаларды оқыту; 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2. Топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парағын беру
1 - кезең:
Үй тапсырмасын тексеру
«Семантикалық карта»
1. ҮТ - сын тексеру үшін әр топқа семантикалық карталар таратады.
№432Теңдеуді шешіңдер:
Ой толғау сәті
«Сұрақ - бізден, жауап - сізден» әдісі
3 минут
(5 - 10 слайдтар)
Өткен материалдарды еске түсіру үшін сұрақтар қойылады. Сыныпқа түгел беріледі.
2. Мұғалім слайдта жазылған сұрақтарды оқып тұрады.
1. Қарама - қарсы сандар дегеніміз не?
2. Координаталық түзу дегеніміз не?
3. Рационал сандар деп қандай сандарды айтамыз?
4. Санның модулі дегеніміз не?
5. Теріс санның модулі қандай сан?
6. Екі теріс санды қалай салыстырамыз?
2 - кезең:
Қызығушылықты ояту және жаңа сабақ түсіндіру кезеңі
«Миға шабуыл» әдісі 10 минут
(11, 12, 13, 14 - слайдтар)
Миға шабуыл әдісі бойынша жаңа сабақты түсіндіру мақсатында төмендегі есепті оқушылардың өз беттерінше шығаруды ұсынады.
Есеп: Кешке термометрдің көрсетуі - 2 ⁰С болды. Түн ортасында термометрдің көрсетуі тағы да - 4⁰С - қа төмендеді. Түн ортасында термометр неше градусты көрсетті? Есептің шешуін (- а) + (- в) = - (а+в) өрнегін пайдаланып жазыңдар.
Бұл есептен біз екі теріс санның қосындысын көріп тұрмыз. Енді жұлдызшада берілген есептерді шығарыңдар. Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Теріс сандарды қосу».
Екі теріс санды қосу үшін:
1) қосылғыштардың модулін қосу керек
2) шыққан санның алдына минус таңбасын қою керек
Мысалы: 1) - 8+(- 11)= -(8+11)= - 19 немесе - 8 – 11 = - 19
2) - 0, 3+(- 0, 9)= -(0, 3+0, 9)= - 12
3) - 1/6+ (- 3/5)= -(1/65+3/56)= -(30/5+30/18)= - 23/30
Екі теріс санның қосындысы – теріс сан.
Екі теріс санның қосындысын координаталық түзу арқылы қосып керейік:
Мысалы: - 4 + (- 3) = - 7
Толық нұсқасын жүктеу
Теріс сандарды қосу
- aiboll
- 2 ақпан 2016
- 6258
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Теріс сандарды қосу, математикадан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жай сандар, құрама сандар 5 сынып
Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....Рационал сандарды салыстыру
рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді меңгерту....Бастауыш сынып сабақ жоспарлары (математика)
4 санын кестесін құру. Қосылғыштардың бәрі 4 болғандағы санның құрамы жайындағы оқушылардың білімі тиянақталады есептеулер жүргізу дағдысын және есеп...Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ математика, информатика пәнінің мұғалімі Турмухаметова Асел...Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт негізгі мектебінің математика пән мұғалімі: Есекеева Раушан Молдағалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.