Сайтқа кіру Тіркелу

Шеңбер ұзындығы. Шар

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектептің
Математика - информатика пәнінің мұғалімі
Уашев Мырзағали

Тақырыбы: Шеңбер ұзындығы. Шар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға шеңбердің ұзындығына, шар, дөңгелектің ауданына анықтама бере отырып білімдерін толықтыру
Дамытушылық: оқушылардың нақты ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, теориялық білімдерін есеп шығару шеберлігімен ұштастыру, жүйелі білім алуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, түсіндірмелі
Көрнекіліктер: оқулық, тест тапсырмалары, математикалық диктант, бағалау парағы, компьютер жабдықтары, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: биология

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу;
оқушыларды түгендеу;
сынып тазалығына көңіл бөлу;
оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру
1) №1229 – есеп /ауызша/
2) Үй тапсырмасын пысықтау ретінде оқушыларға үлестірмелі қағаздар тарату
3) Графиктер, симметрия тарауларына шолу жасау
Әр қатарға бағалау парағын таратып, тест тапсырмасын тарату арқылы өтілген тарауды қайталау

Тест тапсырмасы
1. Қиылысатын екі түзудің ортақ………… нүктесі болады.
а/ бір
ә/ екі
б/болмайды
2. Вертикаль бұрыштар өзара……………..
а/ артық
ә/тең
б/кем
3. Перпендикуляр түзулер жазықтықты ………тік бұрышқа бөледі.
а/ 3
ә/ 2
б/4
4. Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу …………… түзулер деп аталады.
а/ параллель
ә / қиылысатын
б/ перпендикуляр
5. Бір жазықтықта жататын бір - бірімен қиылыспайтын екі түзу ………………. түзулер деп аталады.
а/ параллель
ә / қиылысатын
б/ перпендикуляр
6. Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура ……………. симметриялы фигура деп аталады.
а/ осьтік
ә/центрлік
б/вертикаль
7. Центрлік симметрияны көрсет
а/ шеңбер
ә/ ромб
б/ үшбұрыш
8. Сүйір бұрыш не градусқа тең?
а/ 90º - тан кем
ә/90º - нан артық
б/ 90º
9. Симметриялы фигуралар бір - бірімен …………
а/ беттеседі
ә/ беттеспейді
б/ қиылысады
10. Тік бұрыш не градусқа тең?
а/ 90º - тан кем
ә/90º - нан артық
б/ 90º

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×