Сабақтың тақырыбы: «Қызықты есептер қалаларына саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дамыта отырып оқыту.
Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істей білуге баулу, ой өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру. Одан әрі дамыту бағытында түрлі сұрақтар беру арқылы ой өрісін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың формасы: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: ішінара іздену
Көрнектілігі: Темір жол бойы аялдамалары бейнеленген түрлі – түсті көрініс - баннер, таратпа материалдары, сызбалар.
Жол серігі:
Білекке сенген заманда
Ешкімге есе бермедік
Білімге сенген заманда
Қапы қалып жүрмелік
деп Абылай хан бабамыз айтқандай бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен саяхатқа шығамыз. Жолға 5 «А» сынып оқушылары шығады. Жол бойы кім білгір екеніне көзіміз жетеді.
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса халық сөзі
Әр қашанда нанымды
Бұл шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнер асқан дарынды.
Сонымен ортаға жолаушыларды шақырып, танысалық. Әр команда өзін таныстырсын.
Жол серігі:
Бүгінгі күн көңілді әрі тапқыштар
Бар өнерін жұрт алдында салады
Кім білімді көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Саяхатымыздың алғашқы аялдамасы «Сергіту аялдамасы». Бұл аялдамада әр командаға он сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
Бірінші командаға:
1) Бөлу амалының шығындысы? (бөлінді)
2) Қандай санға бөлуге болмайды? (0)
3) Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
4) Бір кг - да қанша грамм бар? (1000)
5) Қайсысы үлкен 2 дм, әлде 23 см? (23см)
6) 15 секунд минуттың қандай бөлігі? (4 тен 1 бөлігі)
7) Бағалы тастың өлшем бірлігі? (Карад)
8) Неше цифр білесің? (Тоғыз)
9) Көбейтінді қашан нөлге тең болады? (Нөлге көбейткенде)
10) 52 дәрежесі? (25)
Екінші командаға:
1) Көбейту амалының шығындысы? (көбейтінді)
2) Бір сағатта қанша минут бар? (60 мин.)
3) Ең үлкен натурал сан? (шексіз)
4) Миллиардта неше нөл бар? (9)
5) Қайсысы үлкен 2 м, әлде 201 см? (201см)
6) Тоннаның он процентті қанша? (100 кг)
7) Білімді бағалаудың түрі? (баға)
8) Ең кіші жай сан? (1)
9) Бөлшек қашан нөлге тең болады? (алымы тең нөлге)
10) 42 дәрежесі?(16)
Жол серігі:
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске,- дей отырып, саяхатымыздың келесі аялдамасына тоқтаймыз. Келесі аялдама «Ойшылдар аялдамасы». Бұл аялдамада екі командаға логикалық есептер беріледі.
1 - топқа:
1. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.
2. Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?
3. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар?
2 - топқа:
1. Егер әмияндағы бар ақшаға сол ақшаның үшінші бөлігіндей тағы ақша қосса, 680 теңге болар еді. Әмиянда қанша ақша болған?
2. Бір санды 6 – ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек?
3. Қағазға 12 санын бір таңбалармен жауабы 7 шығатындай етіп бөл.
Жол серігі:
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз - ау
Дүниенің тұлғасы да есептесу
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Саяхатымыздың соңғысы «Жылдамдық аялдамасында» жолаушыларымыздың шапшаңдыққа, алғырлыққа, білгірлікке деген қабілеттеріңіз сыналады. столдың үстінде жатқан құпиялы жеті фигурадан әртүрлі суреттер құрастыру керек. Жолаушылардың ішінен «Сиқырлы сандар әлемінде» тақырыбына түрлі - түсті суреттер де салуға болады. Берілген уақыт ішінде орындалған тапсырмалар санына қарай ұпайлар беріледі.
Күтіп алушылар сайысы: тақтаға екі оқушы шығып, байлаулы көзбен тақтаға берілген фигураларды салады.
Қортынды: ең көп ұпай жинаған топ 1 орынды иеленіп, марапатталады.
Жол серігі: Бүгінгі саяхатымызға қатысқан жолаушыларға рахметімізді айта отырып, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін..
Қызықты есептер қалаларына саяхат
- gulbakhar
- 27 қараша 2015
- 11086
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызықты есептер қалаларына саяхат, математика пәнінен сұрақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты есептер қалаларына саяхат
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Атенова Балсайра Керимбаевна...Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер ш ...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару...Математикадан 4-ші сыныпқа логикалық ойлауға арналған тапсырмалар
1. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап....Математика 3 сынып тест
Математика 3сынып № 1 тест 1. Алты жүз тоқсан сегіз санының дұрыс жазылуын белгіле. A) 608. B) 689. C) 698. D) 609....Математика майталманы
Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназия Сейтбекова И. Т....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.