Сайтқа кіру Тіркелу

Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсы жəне котангенсының мәндері

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.
Математика пәні мұғалімі
Ашимова Алмагуль Тлегеновна

Алгебра 9 сынып
Сабақ тақырыбы: Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсы жəне котангенсының мәндері (слайдымен)
Жалпы мақсаты: Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсы жəне котангенсының мәндерін таба білуге, санды шеңбер, координаталық ширек түсініктерін қалыптастыру. Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштарының мәндерін таба білуге дағдыландыру
Сілтеме: 1. Күнтізбелік жоспар, бағдарлама
2. Оқулық. Алгебра. Әбілқасымова А. және т. б. «Мектеп» баспасы - 2013
2. Алгебра 9сынып. Әдістеме нұсқаулық.
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Оқытудағы жаңа тәсілдер: Түрткі сұрақ, сұрақ - жауап әдісі, жеке, жұптық, топтық әңгіме, қайта бағыттау сұрақтары,«жоғары және төменгі деңгейлік сұрақтар».
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
1. Өз ойын, білгенің жеткізуге үйренеді.
2. Өткен материалдарды есіне түсіреді.
3. Сын тұрғыдан ойлауға жетелейді.
4. Теориялық материалды өз - бетімен оқып, түсінуге тырысады.
5. Өзіне деген сенімділігі артады

Сабақта қолданылатын материалдар 1. Интерактивті тақта
2. Оқулық, дәптер, сызғыш карандаш
3. Слайд, суреттер

Мұғалімнің іс - әрекеті
Психологиялық ахуал орнатады
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Фигуралар топқа бөлу..
Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар беру. Әр топқа 8 сынып материалы бойынша тапсырма беру
1. Сағат тілімен бағыттас қандай бағыт және қандай бұрыш?(бұрыштың, синусы,)
2. Сағат тіліне қарсы бұруды қандай бағыт және қандай бұрыш деп аталады? (косинусы, тангенсы)
3. Радиандық бұрыш дегенді қалай түсінесің? ( және котангенсының)
4. Толық бұрыш неше градус? 10 - ты радиан арқылы өрнекте. (мәндері)
1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың косинусы:
2. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың синусы
3. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі
4. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың катангенсі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×