Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару

Сынып: 5
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару (қайталау сабағы)
Мақсаты:
1. Білімділік: Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде пайдалана білу,өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,тез есептей білуге үйрету.
3. Тәрбиелілік: Дәлдікке,ұқыптылыққа,ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың типі: Оқушылардың білімін жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: Сұраққа жауап алу,ойын,топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар,перфокарталар,нөмірленген
жетондар, жедел хат,көмекші құралдар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(5 мин)
ІІІ.Есептер шығару(30 мин)
ІV.Пәнаралық байланыс орнату(5 мин)
V.Үйге тапсырма беру(1 мин)
VI. Сабақты қорытындылау(1 мин)
VII.Бағалау(1 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру
ә)Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1.Жай сандар тобы
2.Құрама сандар тобы
3.Натурал сандар тобы
Топ жетекшілерін тағайындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру

Ондық бөлшектерді қосу
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Ондық бөлшектерді азайту
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу
Ондық бөлшектерді салыстыру
Өтілген 5 тақырып бойынша жеке-жеке таблица жасап,мысалдар арқылы түсіндіре отырып,еске түсіру

ІІІ. Есептер шығару
«Шыңға жету» ойынын ойнаймыз
1-тур. «Бәйге»

№1060 есеп
1) 6,3-2,3+7,5=11.5
2) 8,1+1,9-3,8=6.2
3) 12,9-5,7+6,031=13,231
4) 9,5-5,3+3,3=7.5
5) 16-2,3+4,5=18,2
6) 17,5-2,5+13,82=28.82
Үш топтан 3 оқушы шығып, 2 есептен шығарады.Үлестірме қағаздағы сұрақтарға жауап береді.(Оқушылардың есепті шығаруына,сұраққа жауап берулеріне байланысты, үшбұрыш - «3», төртбұрыш -«4», дөңгелек -«5» ұпай көлеміндегі фигураларды беремін.Олар топ жетекшілеріне беріп отырады.
2-тур. «Көкпар»
№1061
1) 5,6+8,03-7,99=5.64
2) 11.8-5.7+8.65=14.75
3) (8,12+16,9)-15,086=9.934
4) (95,83-76,9)+41,333=60.263
5) (146,03-97,8)+18,091=66.321
6) (101,9+0,653)-72,111=30.442
3 оқушыға ұпайлар беріледі.
3-тур. «Аламан»
( Топ басшыларына перфокарта түрінде тестер таратылады)
1.Ондық бөлшек түрінде жаз: (8,7)
2.Ең үлкен санды тап: (71,3)
3.Ондық бөлшектерді қос: (15,3)
4.Ондық бөлшектерді азайтуды орында: (2,02)
5.Ондық бөлшекті оқы: (4,7)
5- еуіне дұрыс жауап берсе «5» ұпай т.с.с.
Қалған оқушылар есептер шығарады:
№1064 №1068
Барлығы 4,7кг 1) 0,8; 1,4;2 2)2,6; 3;3,4
Мырыш 1,9кг2,6; 3,2; 3,8 3,8; 4,2;4,6
Мыс х кг 4,4; 5;5,6 5; 5,4;5,8
Шешуі: х=4,7-1,9=2.8
( 6 фигура таратылады)
ІV. Жедел хаттағы сұрақтарға жауап беру
Пәнаралық байланыс орнату
1.Жай санға да құрама санға да жатпайтын сан (1)
2.Мына сандардың ішінен қасиетті санды табыңдар:
16; 19; 45; 80; 8; 7;15 (7)
3.Дүние жүзінде неше мұхит бар?(4)
4.Үшбұрышта неше қабырға бар?(3)
5.Ұлыстың ұлы күні наурыз айының қай күні? (22)
6.Түйеқұс бір аяғымен тұрғанда 10 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг болады? (10 кг)
7.Қосындыны тап: 12,5+6,5 (19)
8.Шаршы қабырғасы 5см , ауданы қанша болады? (25)
( 8 фигура таратылады)
Аты аталған сандар топтарынан шығып,рет-ретімен тұрады.Оларға сәйкесті әріптер алдын ала жазылып қосылады. Сонда «8-наурыз» деген сөзді оқимыз. (Құттықтау айтылады)
V. Үйге тапсырма беру
№1061 есеп(7;8)
№1063 есеп

VІ. Сабақты қорытындылау:
Жиналған ұпайлары арқылы жеңіске жеткен топты анықтау
VII.Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×