Мақсаты: оқушылардың қабілетін дамытып, өй – өрісін кеңейту, математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, тестілеу пульті, сымсыз планшет, үлестірме қағаздар.
Барысы: Ұйымдастыру.
Қош келдіңдер құрметті ұстаздар. Оқушылардың қабілетін дамытып пәнге деген қызығушылығын арттыруға сабақтан тыс уақытта өткен әр түрлі математикалық сайыстар оқушылардың естерінде ұзақ сақталады.
Сондай сайыстың бірі бүгінгі «Өткенімізге үңілсек, сыр тартар бізге келешек» атты сайысымыз. Ендеше сайысымызды бастайық.
1 кезең. « Өз белгіңді тап».
Сайысқа екі топ қатысып отыр. Олардың аттарын анықтау үшін бірінші кезеңіміздің шартымен таныстырайын: әр топқа алты сұрақ беріледі, сол сұрақтардың жауаптарынан топтың атын құрастыру керек, сәйкес әріптерін алып. Егер шарт түсінікті болса, тақтадағы сұрақтарға назар аударамыз.
Бірінші топтың сұрақтары:
1. Дәлелдеуді қажет ететін ұғым (екінші әріпті ал) теорема
2. Бағытталған кесінді (бірінші әріпті ал) вектор
3. Тригонометриялық функциялардың қайсысы жұп (бірінші әріпті ал) косинус
4. Төртбұрыштың қайсысы түріне сырттай да, іштей де шеңбер салуға болмайды (бесінші әрібін ал) параллелограмм
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.