Сайтқа кіру Тіркелу

Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба

В1 есебі
Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба
Орта мерзімді жоспарлау қалай жүргізіледі?
Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (МАН, 6 - бет) Осы орайда екінші мектептегі тәжірибе кезінде бірінші бетпе – бет кезеңіндегі алған теориялық білімді пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын яғни «орта мерзімді» құрастырдым. Орта мерзімді жоспарлаудың басты мақсаттары:
• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;
• Сыныпта сабақ беру практикасына жеті модульді ықпалдастыру;
• Оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;
• Барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен болуы қажет (МАН, 91 - бет).
Орта мерзімді жоспарлауды жасағанда әрбір сабақ мақсаты мен күтілетін нәтиже арасындағы байланыс болуын ескердім. Жоспар 6 - сынып, математика пәні бойынша «Рационал сандар» тарауының 4 тізбектелген сабағына құрастырылды. Жоспарда Бағдарламаның 7 модуль идеяларын өзара ықпалдасуын жүзеге асыруды жөн көрдім. Яғни оқушылардың әрбір іс - әрекеттері мен бірлескен жұмыстарын жоспарлап, жас және жеке ерекшеліктеріне сай әдістер мен формативті бағалау түрлері мен стратегияларын енгізуді мақсат еттім.
Орта мерзімді жоспарлауды дайындағанда тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы маңызды.
Тізбектелген сабақтар топтамасын немесе ОМЖ кім үшін жасалып жатқанын, оқушыларға нені үйрету керек екенін және оқытудың әдіс - тәсілдері мен қандай түрлерін пайдалану қажет екенін ескердім. Сол кезде ғана орта мерзімді жоспарлауда Бағдарламаның жеті модуль идеяларының қаншалықты ықпалдасқаны, мақсаттары айқын болғаны 4 сабақтың мазмұнын жүйелі құруға көмегі тиетіні сөзсіз.
Нәтижесінде: Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Сонымен қорыта айтқанда орта мерзімді жоспарлауда негізгі мақсаттары нақты жүйелі болған кезде, нәтижесі жемісті болады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Физика ҚМЖ пәнінен орта және Қысқа мерзімді жоспарлар

Физика ҚМЖ пәнінен орта және Қысқа мерзімді жоспарлар

Физика ҚМЖ пәнінен орта және Қысқа мерзімді жоспарлар 7,8,9,10,11 сыныптардың 2019-2020 оқу жылы...
Оқу процесін Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі негізінде ұйымдастыру

Оқу процесін Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі негізінде ұйымдастыру

Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып, білім...
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақтар топтамасы

Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақтар топтамасы

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Бөрте орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Айнур Базарбаевнаның "Қазақ тілі мен әдебиетінен...
Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау (Кембридж бағдарла ...

Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау (Кембридж бағдарла ...

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...
Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Назарбаев зияткерлік мектебінің білім сатысы оқуы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×