Сайтқа кіру Тіркелу

Математикадан сабақ топтамасы

Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Алтын қарпа (математикадан сайыс сабақ)
2. Рационал бөлшектер
3. Кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісі
4. Оқушыларды ҰБТ сұрақтарына дұрыс жауап беруге дайындау жолдары.


Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой – өрісін қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу, математикаға деген қызығушылығын
арттыру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау әдісі
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, қоңырау, карточкалар, шарлар

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері, жүрісі туралы түсіндіріледі.
1 - жүргізуші:
Уа халайық, халайық,
Бәріне жар салайық
Бүгінгі ойын төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп жарысып
Шабыттасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар
2 - жүргізуші:
Бұл жерде танысасың Пифагормен,
Кемеңгер, ол – философ кезінде өткен.
Кездесесің дәл сондай тағыда бір,
Ғылымдармен жер жаһанға білім еккен.
1 - жүргізуші:
Біріміз – Күн, біріміз – Ай болайық.
Сайыстың атына сай болайық
«Іске сәт!»деп көпшілік бата берсе,
Бабалардың арманын қолға алайық.
Олай болса құрметті апайлар мен оқушылар, бүгінгі сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер.
Командалар өздерін таныстырсын:
Топ аты:«Жігіттер»
Топ ұраны: «Тек қана алға»
Топ аты: «Қызғалдақтар»
Топ ұраны «Әдептен озба, қатардан қалма»
2 - жүргізуші:
Екі командаға әр түрлі сұрақ қойылады, осы сұраққа жауап беру арқылы қазақта «той бастар»деген салт дәстүріміз бар, олай болса осы отырысымыздың өзі ең үлкен қуаныш деп, сайысымызды бастаймыз.
Олай болса бірінші «Жігіттер» тобынан бастайық
1. Шеңбер салуға арналған құрал? (циркуль)
2. Тікбұрышты үшбұрыштың тікбұрышына қарсы жатқан қабырғасы? (гипотенуза)
3. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы? (периметр)
4. Бір градуста неше минут бар? (60)
«Қызғалдақтар» тобына сұрақ
1. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
2. Тікбұрышты үшбұрыштың 30 градусына қарсы жатқан катет? (гипотенузаның жартысына тең)
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (180)
4. Бір минутта неше секунд бар? (60)

1 - жүргізуші:
Сіздерді бұл ойынға шақырамыз,
Есеппен басыңызды қатырамыз,
Математика әлемін ұғындырып,
Аз да болса білімді толтырамыз.
2 — жүргізуші:
Қатысыңыздар, қолдаңыздар!
Ойыннан шет қалмаңыздар.
Ойнаңыздар, ойланыңыздар,
Жайбарақат болмаңыздар!
1 - жүргізуші:

Тас қақпаның сұрағы:
«Жігіттерге»
1. Санның кері санына кері сан неге тең?
( сол санның өзі)
2. Квадрат теңдеуді шешу формуласы қандай?
------------------------------------------------------------------------
3. Алғашқы есептеу құрылғысы қандай?
(саусақ)
«Қызғалдақ» тобына
1. Көбейтіндісі 1 - ге тең сандарды қалай атаймыз? (кері сандар)
2. Виет теоремасы.
3. Математикада координат жазықтығын тұңғыш қолданған кім?
1 - жүргізуші:
Күміс қақпа - біреулер үшін ырыс қақпа
2 - жүргізуші:
Біреулер үшін тыныш қақпа.
Күміс қақпа сұрағы:
«Жігіттер» тобына:
Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады? Сонда атасы: «Менің жасымды алты есе кемітіп, 6 - ны азайтқанда, 6 - ға тең болады. Сонда атасы неше жаста болған.»
Жауабы 72
1 - жүргізуші:
« Қызғалдақтар» тобына:
Асқар ойлаған санын 2, 5 есе кемітіп, нәтижесінен 18, 25 санын азайтқанда 13, 95 саны шықты. Асқар қандай сан ойлады?
Жауабы: 80

2 - жүргізуші: « Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ!»
Олай болса «Алтын қақпа» ойынының шарты математикалық мақалдар айтылады сол мақалды әрі қарай жалғастыру керек.

«Жігіттер» тобына: 1. Жеті жұрттың тілін біл,.. (жеті түрлі білім біл )
2. Бір жылы сөз... (көп күнге азық)
3. Дос егіз болса...(дұшпан сегіз)
4. Білекті бірді жығар...(білімді мыңды жығар)
5. Бір кісі қазған құдықтан...(мың кісі су ішеді)
6. Екі жақсы қас болмас....(Екі жаман дос болмас)
7. Білгенің бір тоғыз...( Білмегенің тоқсан тоғыз)

«Қызғалдақ» тобына: 1. Досыңды үш күн сынама...(үш жыл сына)
2. Бір елі ауызға...(екі елі қақпақ)
3. Жүз сомың болғанша...(жүз досың болсын)
4. Отыз тістен шыққан сөз....(отыз елге тарайды)
5. Жерді екі рет жыртқан...(өнімді екі есе алады)
6. Отыз күн оразаның...(бір күн айты бар)
8. Екі рет өлшеп...(бір рет кес)

1 - жүргізуші: Кезек жұмбаққа беріледі:
«Жігіттер» тобына
1. Бір үйде тұрады екен елу батыр
Үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр.
(сіріңке)
2. Жеті жүз тесік
Жалғыз - ақ есік (Ау)
«Қызғалдақ» тобына
1. Алпыс кісі аяқтасты
Ерте тұрып таяқтасты
(Кірпік)
2. Қос құлақты жүз тісті
Жүзінен бірақ із түсті. (ара)
2 - жүргізуші: « Білекті бірді, білімді мыңды жығады»
Олай болса «Алтын сандық» сұрағы:
1. Геометрияда жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (Пифагор)
2. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
3. Алгебраның негізін салушы, орта Азия математигі және астрономы, « әл - Жебр әл Мүкабала» кітабының авторы кім? (әл - Хорезми)

1 - жүргізуші: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады.
Кеш қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелер тәлімі мол әсерді.
Болса егер көңілі жақын таңдады.
2 - жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке.
Келгендерге көп рахмет,
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет! Олай болса осы кешті қорытындылау үшін сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты сағат

Қызықты сағат

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...
Математикалық сандық

Математикалық сандық

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...
Жанұя және математика

Жанұя және математика

Батыс Қазақстан, Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...
Математика пәнінен сайыс сабақ

Математика пәнінен сайыс сабақ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты жалпы білім беру орта мектебі математика пәні мұғалімі Жанарай Жалғасқызы Адамбекова...
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×