Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез құлқымен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата - анасының талап етуімен және өз еркімен әр түрлі ұлттық ойындарға қатысып өзінің икемділігін, тапқырлығын, батылдығын байқатқан.
Бастауыш сыныптарда ойынды оқу - тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданып келеді. Ұлттық ойындардың бір ерекшелігі сонда, оларды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Математика сабағында ұлттық салт - дәстүр, мазмұнды есеп ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ой - өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт - дәстүрін, ата - мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады.
Сондай есептердің біреуі «Асық саны» ойыны бірінші сыныпта қосу және азайту амалдарын өткеннен кейін пайдаланады. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысты. Ойынның мазмұны былай болды.
- Үш бала асық ойынынан кейін үйлеріне қайтып келе жатады. Үшеуімізде де он - оннан асық бар еді. Енді кімде қанша асық қалды?- деп сұрайды бірінші бала
- Онша көп ұтқыза қоймаппын сегіз асығым қалыпты дейді екіншісі
- Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен дейді асықтарын түгелдеп қалтасына салған үшінші бала
- Ең көп ұтылған мен болдым дейді бірінші бала. Ойыннан кейін бірінші және үшінші балада қанша асық қалды?
1 - ші балада 4, 2 - балада 8 асық, 3 - ші балада 18 асық.
Сонымен қатар «Қыз қуу», «Теңге алу», «Айгөлек» сияқты есептер құрастырумен қатар оқушыларға ол ойындардың ережелерін, мазмұнын және мақсаттарын таныстыру арқылы көптеген мағлұматтар беріп отырамын.
3 сыныпта - көбейту амалын өткеннен кейін қазақтың аңшылық өнеріне байланысты «Қу түл кі» ойын есебін құрастырдық.
Ойынның ерекшелігі оқушылардың шаршағанын сейілтіп, зейінін арттырып, қазақтың аңшылық өнерінен мағлұмат береді. Әрі ертегі мазмұнын сурет арқылы танысып, тез есептеуге және логикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.
Есеп: "Қу түлкі"
Шал балықты көп етіп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады. Қуанғанынан шал кемпіріме жаға болады деп, түлкіні шанаға салып, жүріп кетеді.
Жолда түлкі 1 минутта бір балықты тағы сол сияқты. Әр лақтырғанда алдыңғы лақтырғанынан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта ол барлық балықты лақтырады. Сонда түлкі барлығы неше балық лақтырған?
Жауабы: 1+2+4+8+16+32+64=127
2)Түлкі мен қасқыр ертегісі бойынша:
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады:Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл- дейді түлкіге. Түлкі Саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с деп ең соңында өзіне 20 - шы балықты салады Кім көп алды және қанша артық алды?
Жауабы: Түлкі 10 балық артық алды
Қ: 1 3 5 7 9 11 13 15 17 19
Т: 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20
Соңғы жылдарда бастауыш сынып оқушыларын математиканы тереңдетіп, дамыта оқыту мақсатымен бізге қосымша қызықты математика пәні қосылған еді. Сондықтан бұл пәнге деген қызығушылығын арттыру, жалықтырмау мақсатында көптеген сөзжұмбақтар, ребустар, сиқырлы шаршылар, ойын есептер, математикалық жұмбақтар, өлеңдер, қызықты тапсырмалармен қатар, программалық материалдан тыс күрделі қиын тапсырмалар да беріледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, оларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелеу - әр сабақтағы мақсатымның бірі. Бұл орайда мұғалімге көрнекіліктер көп септігін тигізеді. Сондықтан бұл сабаққа деген ынтасын төмендетпеу үшін көптеген ойын элементтерімен, аукцион, жарыс, сабақтардың пайдасы зор ғой деп ойлаймын. Қазір осы пән бойынша бір сабақтан өткізілген аукцион сабағымның жүрісіне тоқталмақпын.
Тақырыбы: Суретке қарап есеп құрастыру. Сөзжұмбақ, ребустар шешу.
Мақсаты:
1) Сурет бойынша есеп құрастыру, Бір амалмен шығарылатын есептер, кері есептер құрастыру. Бағдарлама материалдарының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсу
2) Оқушылардың зейінін ойлау, зерде процестерін дамыту қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
3) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
Көрнектілігі: 1Есеп құрастыруға берілген суреттер. Сиқырлы шаршылар, сөзжұмбақтар, ребустар.
2)Алма теру ойынына қажетті құралдар.
Гүл сыйлау ойынына қажетті құрал жабдықтар. (гүл күлтешелері)
3) Сатылатын заттар. Зырылдауық.
4) Тест сұрақтары.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ.
1 - Ұйымдастыру бөлімі.
2 - Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырыпты еске түсіру.
а) Өтілген тақырып. Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып азайту
ә) Сиқырлы шаршыны толтырып келу.
3 - Жаңа сабақ бойынша:
Бүгінгі сабақ аукцион сабақ түрінде өтетінін айтып, аукционның тәртібі түсіндіріледі.
1. Суретке қарап есеп құрастыру
Қуыршақ - 90тг
Аю -? 50тг арзан Барлығы -?
90+(90 - 50)=130
Жауабы: Қуыршақ пен аю 130тг
(Демонстрациялық үстелдің басын да мұғалім зырылдауықты айналдырғанда оның тілі қай затқа түссе, сол зат сатылмақ).
2тапсырма. Есепті бір амалмен шығатын етіп өзгерту керек.
Қуыршақ - 90тг
Аю -? 50тг арзан
90 - 60=30
Жауабы: аю 30тг
4 - Ребус шешу.(Қалам сатылады)
1. Кесе тиін ді - кесінді
2. Т100 у - түзу
3. С қырық сызғыш - сынық сызық
V - Сурет бойынша: «Кері есеп құрастыруға»
Тауық – 9кг
Үйрек –? 2кг жеңіл
9 - 2=7
Кері есеп:
1. Тауық -? 2кг ауыр
Үйрек - 7кг
Жауабы: тауық 9(кг.)
2. Тауық - 9кг? ауыр
Үйрек - 7кг? жеңіл
9 - 7=2
Жауабы: тауық 2кг ауыр, үйрек 2кг жеңіл.
Сергіту сәті. Жарнама.
(Екі үлкен әдемі ойыншық сатылады, білімдеріңізбен сатып алу керек.) (карточкалар.)
1. Теңдеу құрып, шешуге:
Х пен 5 тің қосындысы 32 - ге тең
Х+5=32
Х=32 - 5
Х=27
27+5=32
32=32
2. Өрнек құрып оны шешуге:
53 пен 3 - тің айырмасынан 7 - ні азайт.
(53 - 3)- 7=43
Тест сұрақтарына жауап алу.
«Алма теру» ойыны
(Алмалар сатылады)
X - Өтілген материалды еске түсіру мақсатында:
«Гүл сыйлау» ойыны
(Гүлдер сатылады).
Дүниетану сабағымен байланыстыру «өсімдіктер» тақырыбы еске түсіріледі.
Өсімдік мүшелерін атау. Тапсырма: Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып азайтып, берілген мысалды шығару, нәтижені оқып білу.
XI - Сөзжұмбақ шешу.
(Зырылдауықты айналдыру.)
Көлденеңінен:
1. Қосудың нәтижесі
2. Екі таңбалы сан.
Тігінен:
1. Бір таңбалы сан.
2. 81 - 81
3. Белгісіз сан әріппен белгіленетін теңдік.
XII - Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
XIII - Тапсырма. Ребус шешу.
Бастауыш сынып оқушылары тез шаршағыш, өте сезімтал, нәзік, еркеліктері де мол болып келеді. Олар мұғалімнің жылы жүзді, жайдары мінезді болғанын қалайды. Сондықтан әрбір сабақты неғұрлым түрлендіріп, көрнекілікті ретімен пайдаланып өткізу жаңа тақырыпты тез қабылдатып, оны естеріне берік сақтауға әсер етеді. Өйткені көрнекілік қолданылғанда оқушылардың көру сезімі іске қосылады. Сондықтан өз басым әр сабақты түрлендіріп өткізуге мейлінше көбірек көңіл бөлемін. Әсіресе оқушылардың тез есептеп, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында мынадай «Математикалық өлеңдер, жұмбақтарды» үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы:
Қанша қауын?
Самат қаппен арқалап,
Бес қауыннан тасыды.
Қабы болмай, ал Талап
Қос қауыннан тасыды.
Он реттен сабылып
Екеуі әбден шаршады
Тасып алған қауынның
Қанша болды бар саны?
(Бәрі 70).
Сонымен қатар математика пәні бойынша тест жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Оқушының әрбір творчестволық жұмыстары папкаларда жинақталып отырады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың математика пәнін меңгерулері жаман емес. Ауызша есептеуде болсын, ойын, жұмбақ есептер болсын оқушылар өз беттерімен орындай алады. Былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша үлгерім, сапа көрсеткіштері жоғары дәрежеде болды.
Математика сабағында ойын элементтері арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті дамыту
- Люция
- 20 ақпан 2014
- 12520
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру жолдары
Ұқсас жаңалықтар:
Жазбаша қосу және азайту
Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Гүлжанат Нұртайқызы...Ойлан тап
Базарова Роза...Математика елінде
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Гульмира Борисовна...Өткенді пысықтау
Кайдакова Жанат Бекболатовна «Сымбат» жеке мектебі Ақтөбе қаласы Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік:..."Математикалық сандық" сайыс сабағы
Жорықбаева Индира Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №105 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.