Сайтқа кіру Тіркелу

Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары

Паноромалық сабақ
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары.
Мақсаты: Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару.
Міндеттер:
1. Дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтай отырып түбірлердің формулаларын қолданып квадрат теңдеуді шешу;
2. Білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, қызығушылығы мен белсенділігін арттырып,
есептеу дағдысын жетілдіре отырып танымдық қызығушылығын дамыту;
3. Өз бетінше есептер шығара білуге, тез ойлап ойын жеткізуге және ізденуге, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы.
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, деңгейлеп оқыту, есептер шығару.
Өткізу формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Қолданылған технология: АКТ, деңгейлеп оқыту, СТО.
Көрнекіліктер: деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, шебер класс тапсырмалары жазылған парақшалар, бағалау жетондары, интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру 2 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
III. Ой қозғау 5 мин
IV. Математикалық диктант 3 мин
V. Оқулықпен жұмыс 8 мин
VI. Тест 3 мин
VII. Деңгейлік тапсырма 11 мин
VIII. Шебер класс 5 мин
IX. Үйге тапсырма 1 мин
X. Қорытындылау, бағалау 4 мин

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру бөлімі.
Саламатсыздар ма, балалар! Сіздер формуланы пайдаланып квадрат теңдеуді шешуді білесіздер. Бүгін осы тақырып бойынша білгендеріңізді ортаға салып өз білімдеріңізді көрсетесіздер. Сіздер сабақта жетондар жинап арқылы бағаланасыздар. Жетонда тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» деген жазу бар.

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№6 ХГ математика пәні мұғалімі
Темирбаева Маржан Дауылбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×