Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жауабы 12 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойындар ,өлең есептер арқылы ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа білгірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, өлең есеп.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, ауызша жаттығулар, салыстыру.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Ауызша жаттығулар:
«Мысалдар құрастыр ойыны»
«Ұрылар мен кемпір» ертегі өлең есеп.
Ш.Көркем жазу минуты
ІV.Жаңа матералды оқып үйрену.
1.жаңа сабақты түсіндіру
2.оқулықпен жұмыс
3.дәптермен жұмыс
V. Сергіту сәті
VI. «Көршісін тап» ойыны
VII.Өздік жұмысы
VIII. Сабақты бекіту
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.
ІІ.Ауызша жаттығулар: «Мысалдар құрастыр ойыны»
Интерактивті тақтада шарларға сандар жазылған, мысалы:
Оқушылар қосуға 2, азайтуға 2 өрнек құрастырады.
«Ұрылар мен кемпір» ертегі өлең есеп.
Ш.Көркем жазу минуты: 3 және 6 сандарын жазу
ІV . Жаңа матералды оқып үйрену.
-9 көк допқа неше қызыл доп қосылды?
-3
-Допты 10 –ға толтыру үшін алдымен неше доп қосамыз?
-1
9+1=10
-Енді неше доп қосу қажет?
-2
9+3=9+1+2=12
-Барлығы неш доп болды?
Осылайша азайту амалдары да көрнекіліктермен көрсетіліп, түсіндіріледі.
12-3=12-2-1=9
Оқулықпен жұмыс.
№2 тақтада мұғалім көмегімен орындату.
Слайдтан тиіннің суретін көрсету.
-Тиінде неше саңырауқұлақ бар?
-12
Слайдтан кірпі көрсету.
-Кірпіде неше саңырауқұлақ бар?
-7
-Тиінде кірпіге қарағанда неше саңырауқұлақ артық?
Есептің шартын құрастырып,шығару.
V.Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық
VI . «Көршісін тап» ойыны. Слайд
8-18 ге дейінгі сандарды табу
VII.Өздік жұмыс №3 жаттығуды өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.
VIII.Сабақты бекіту
1.бағалау
2.үйге тапсырма : 28 бет №7
12 санының екі бір таңбалы сандарға жіктелу құрамы және қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары.
- Бакжамал
- 7 ақпан 2012
- 9841
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, бастауыш, сынып
Ұқсас жаңалықтар:
9 санын қосу, азайту
9 - ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту, есеп шығару дағдыларын...10 санының құрамы
10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту
Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...9 санын қосу, азайту
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: 9-ға дейінгі сандарды қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын пысықтау арқылы, 9 санын қосу мен азайтуды меңгерту,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.