Сайтқа кіру Тіркелу

Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу

Пәні: Математика
Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлу.

Мақсаты: білімділік: Санды теңсіздіктерді көбейту және бөлуді есептеулерде пайдалана білу, оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Оқушыларға тақырыпты меңгерту, ой тұжырымдарын жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктеріне, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру. Шамаларды салыстыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ көрнекілігі: Компъютер слайды, тес тапсырмалары, топтама қағаздар
Сабақ барысы: І. Қызығушылықты ояту
а) Сабаққа керекті құрал - жабдықтарды дайындау, оқушылардың сабаққа белсене араласуын, зейін қойып тыңдауларын талап ету.
Б) Үй тапсырмасын тексеру
1.№959 - №960 есептерді тексеру
ІІ. Мағынаны тану
Топтастыру стратегиясын пайдаланып «Санды теңсіздіктер» тарауында не
өтілгенін анықтау.

2. Санды теңсіздіктерді қосу
а>в қосылғыш теңсіздіктер аd + св+d қосынды теңсіздік а+св
- св - d айырма теңсіздік

ІІІ. Жаңа сабақ

а>в көбейткіш теңсіздік
х с>d
ас>вd көбейтінді теңсіздік
Санды теңсіздіктерді бөлу үшін:
1. Бөлгіш теңсіздіктің мүшелерін оларға кері сандармен алмастырып, теңсіздік белгісін қарама - қарсы белгіге өзгерту керек.
2. Бөлінгіш теңсіздік пен бөлгіш теңсіздік белгілерін бірдей теңсіздік белгісімен жазу керек.
3. Теңсіздік белгілері бірдей теңсіздіктерді мүшелеп көбейту керек.
«Тарихи мәліметтер»
Теңсіздіктер ерте заманда – ақ белгілі болған. Евклид пен Архимед шығармаларында көптеген теңсіздіктер келтірілген.
Теңсіздік таңбасын 17 - ғасырда Ағылшын ғалымы Томас Гарриот енгізген.
Адамдардың күнделікті өмірінде теңдіктерден гөрі теңсіздіктер өте қажет болды. Теңсіздіктердің қажеттілігі:
Тек математикада ғана емес теңсіздіктер экология, экономика, халық шаруашылығындағы байланыстарда қажет болып табылады. Теңдіктер теңсіздіктерден жасалады
Ой қозғау
Санды теңсіздіктерге өмірден мысалдар келтіріңдер
ІV. Есептер шығару
Оқулықта берілген №962 -№968 есептерді шығару
№964
Бөлінгіш теңсіздік Бөлгіш теңсіздік Бөлінді теңсіздік
16>12 6>4
153
28>24 7<12
45<51 3<15
№966
Тік төртбұрыштың ұзындығы 4, 5 см - ден артық, 6 см - ден кем, ал ені 2 см - ден артық, 3, 2 см - ден кем. Тік төртбұрыштың ауданын бағалаңдар.
Ұзындығы: 4, 5<х<6
Ені: 2<х<3, 2 көбейтеміз
Қалған есептерді оқушыларға түсіндіре отырып шығартамын.
V. Қорытындылау
1. Санды теңсіздікті қалай көбейтеміз?
2. Санды теңсіздіктерді қалай бөлеміз?

«Транспортир» және «Дискриминант» сөздерінен зат есімдерді іріктеп және теңсіздік түрінде жазыңдар.

VІ. Үйге тапсырма: №969 -№970
Әрқайсысы теңсіздіктерді көбейтуге 5 - мысал,
бөлуге 5 - мысал жазып, орындап келу.
VІ. Бағалау. Оқушылар күнделігіне баға қою
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тура және тура емес теңдіктер

Тура және тура емес теңдіктер

Армысың досым, Кел, маған қосыл (қолымен шақырады). Алақанға салып алақан, Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды). Жер шарындай айналып, Әлемге...
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу

ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің математика пәні мұғалімі Акенева Асем Жумагалиевна...
Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу

Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев орта мектебінің математика пәні мұғалімі Қанатова Талшын Ибатқызы...
Интервалдар әдісі

Интервалдар әдісі

Мақсаты: Оқушыларға квадрат теңсіздіетерді интервалдар әдісімен шешуді үйрету және есептер шығарып үйрету Білімділік: Сан осі, сан осіндегі нүктенің...
Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×