Сайтқа кіру Тіркелу

Бөлігі бойынша санды табу

Тақырыбы: Бөлігі бойынша санды табу.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы "бөлігі бойынша санды табу" туралы топтастырылған теориялық ұғым қалыптастыру және есеп шығаруда білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың есеп шығару әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырма мазмұнына қатысты суреттер, тірек - сызба, кеспе қағаздар.
Әдістері: қызығушылығын ояту, сұрақ - жауап, ойын, талдау, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
«Кенгуру». Дина бір парақ қағазды 10 бөлікке кесті. Сосын оның бір бөлігін алып, оны тағы 10 - ға кесіп тастады. Алынған бөліктің тағы екеуін дәл осылай кесті. Динадағы барлық қағаз бөліктері нешеу болды?
А) 27 В) 30 С) 37 Д) 40 Е) 47
Өз бетімен. №1 есеп.
Қапта 50кг қант бар. Оны дорбалардың әрқайсысына 2 килограммнан өлшеп салу керек. Осындай неше дорба шығады?
Күтілетін нәтиже: Есепті шығару үшін барлық қанттың массасын бір дорбадағы қанттың массасына бөлу керек.
Сонда 50: 2 = 25 шығады. Ендеше, 25 дорба болады.
№2 есеп. Жәшікте 30кг кәмпит бар. Оны дорбалардың әрқайсысына 3/4 килограммнан бөліп салу керек. Осындай неше дорба шығады?
Күтілетін нәтиже: Бөлу амалын орындау керек: 30: 3/4=(30*4): 3=40 Жауабы: 40 дорба кәмпит.
№ 3 есеп. Мұғалім жетелеуімен. Сыныпта 18 қыз бала бар. Бұл барлық оқушы санының 3/5 - ін құрайды. Сыныпта неше оқушы бар?
Күтілетін нәтиже: Сонда оқушылардың жалпы санының 3/5 - ін табуға болады, яғни 18: 3 = 6 Оқушылардың жалпы саны 6 х5=30 оқушы. Қысқаша. 18÷ 3/5 = (18*5): 3=30 Соңғы мысалда біз бөлігі бойынша санның өзін таптық. Жалпы алғанда, бөлігі бойынша санды табу үшін бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек.
ІІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ - ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ..
№ 880(1), 881, 883, 885
Оқулықтан тыс тапсырмалар.
1. Тіктөртбұрышты бақшаның ауданы 30м2. Бақша тіктөртбұрышты 3 бөлікке бөлінген. Гүл өсіп тұрған бөліктің ауданы 10м2, ал оның бір қабырғасының ұзындығы 2м. Ал құлпынай отырғызған бөліктің бір қабырғасының ұзындығы 3м тең. Көкөніс отырғызған бөліктің ауданы қандай?
А) 4м2; В) 6м2; С) 8м2; Д) 10м2; Е) 12м2.
ІІІ. РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ - БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ.
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:
Тапсырма: 1). Марат барлық ақшасының 5/7 - іне кітап сатып алғанда, оның 50тг ақшасы қалды. Алғашқыда Маратта қанша ақша болды?
А) 180тг В) 175тг С) 178тг Д) 165тг
2). 3/5 бөлігі 60 - қа тең санды тап:
А) 15 В) 36 С) 100 Д) 25
3 есеп. Бөлігі бойынша санды табыңдар:
¾- і 60 - қа тең; ¼ - і 80 - ге тең; 3/7 - і 30 - ға тең.
Жауаптары: 80; 320; 70.
Үйге тапсырма. №882, 884
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×