Сайтқа кіру Тіркелу

Рационал бөлшектерді қысқарту (7 сынып)

Тақырыбы:«Рационал бөлшектерді қысқарту» (7 сынып) Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: рационал бөлшектерді қысқарту дағдыларын қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойын есептерінің көмегімен ой өрісін дамыту, пәнге танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жарыстыра отырып, белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу)
2. Үй жұмысының орындалуын, қатесіз орындалуын тексеру.
3.«Ой қозғау» (ауызша теориялық білімдерін тексеру)
4.«Ақсүйек ойыны» (жұбыңды тап қысқаша көбейту формулаларын құрастыру)
5. Деңгейлік тапсырмалар.
6. Сергіту сәті (логикалық есеп)
7. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
8. Сәйкестендіру тесті.
9. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
1 - слайд. Ауызша теориялық білімдерін тексеру
а) Қандай бөлшекті бөлшек өрнек деп атайды?
б) Айнымалының мүмкін мәндері деп нені айтады?
в) Теңбе-теңдік және теңбе-тең түрлендіру деп нені айтады?
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
2 - слайд.
«Ақсүйек ойыны» ойын туралы қысқаша айтып өту. Оқушылар рационал бөлшектерді қысқартуда қысқаша көбейту формулаларын қолданады, сондықтан қайталап өту.
Оқушыларға формулалар бөліктері беріледі оқушылар өз жұптарын табу керек.
Әрбір формуланы құрастырып формуланы сауатты түрде айтып беру керек.
Әрбір формуланы тапқан сайын интербелсенді тақтада бір - бір жұлдыз жанып отырады, соңында жеті қарақшы жұлдызы пайда болады.
«Жеті қарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас» мақал сөзі шығады. Ендеше осы жеті формуланы пайдаланып біз бүгін рационал бөлшектерді қысқарту тапсырмаларын орындаймыз.
3 - слайд.(формулалар)
а2 - в2=(а - в)(а+в)
(а - в) 2=а2 - 2ав+в2
(а+в) 2=а2+2ав+в2
а3 - в3=(а - в)(а2+ав+в2)

а3+в3=(а+в)(а2 - ав+в2)
(а+в) 3=а3+3а2в+3ав2+в3
(а - в) 3=а3 - 3а2в+3ав2 - в3
3 - слайд.
«Ауызша есептеулер»
1. а - ның қандай мәндерінде бөлшек нөлге тең
(а - 3)/(а - 3);(а - 3)/а;(а+0, 1)/(3а - 1);(3а - 2)/2а;(а(а - 4))/(а+15)?
3 - слайд.
2. х - тің қандай мәндерінде бөлшектің мағынасы болмайды:

3/(х - 2); 4/(х+1); 2х/(х - 3);(х+1)/(х - 1);( 4 - х)/(3 - х); (х+1)/(2х - 4)

4 - слайд.
3. Бөлшекті қысқартыңдар:

15а/20в; ( ав)/ас; 6ху/8х; 10mn/15mn; 8вх/16ву; 2а²/3ав; 24m³/16m²n
Деңгейлік тапсырмалар. Оқулықтан №490 №491 №493 №495 №497 №500 ( жұп нөмірлері) тапсырмаларды орындау. Оқушылар орындарында отырып орындайды бірінші болып орындағандар тақтада орындап қатесі болса басқа оқушылар түзету керек.
5 - слайд.
«Сергіту сәті» ( логикалық есеп)
Логикалық есеп: Асан әрқашан шындықты айтатын бала. Бір күні оған бір сұрақты екі рет қайтара қойғанда ол екі түрлі жауап берді. Әрқашан шындықты айтатын бала үшін бұл мүмкін бе?
Оқушылардың шығармашылық жұмысы:
№507 есепті бір оқушы тақтаға шығып орындайды оқушыларға түсіндіреді.
(теңбе-теңдікті дәлелдеу)

№510 есепті бір оқушы тақтаға шығып орындайды оқушыларға түсіндіреді.
(бөлшекті қысқарту)
Сәйкестендіру тесті: Интербелсенді тақтада тапсырмалар жазылған оқушылар орындап жауаптарын сәйкестендіреді.
6 - слайд.
1. (14а⁴в)/49а³в² =2а/7в
2. 39х³у/26х²у²=3х/2у
3. (у²- z²)/(2у+2z)=(у - z)/z
4. (15а²- 10ав)/(8в²- 12ав)=(- 5а)/4в
5. (p³- 125)/(p²+5p+25)=p - 5
6. (18х⁶у⁵)/(9х⁵у⁸)=2х/у³
7. 3х/(х²+4х)=3/(х+4)
8. (3а - 3в)/(а²- в²)=3/(а+в)
9. (5с³- 5)/(с - 1)=5(с²+с+1)
10. (6m³+3mn²)/(2m³n+mn³) =3/n

«Математиканың өз тілі бар ол - формула» С. В. Ковалевская сөзімен сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма №496,№498,№504.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бөлшек – рационал өрнектерді тепе - тең түрлендіруге есептер шығару

Бөлшек – рационал өрнектерді тепе - тең түрлендіруге есептер шығару

Рационал бөлшектің негізгі қасиеті мен оларға амалдар қолдану арқылы рационал бөлшектерді түрлендіре білуге үйрету; оқушылардың ойлау қабілеттерін...
Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару

Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы...
Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Рационал бөлшектердің көбейту және бөлу алгоритмдеріне байланысты ережелер мен қасиеттерін меңгеріп, есептер...
Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

Батыс Қазақсатан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылы Ақтау ОЖББМБ Математика пәнінен мұғалімі: Суюнчалиева А. К....
Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту

Петропавл қаласы, №20 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі Айгүл Тұрсынбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×