Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерге амалдар қолдану тақырыптары бойынша білімдерін пысықтау, бекіту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Берілген санды ондық бөлшекке, разряд бірліктеріне шығармашылықпен, логикалық оймен іске асыра білуі, амалдар қолдану білімдерін пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушылардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға, белсенділігін көтеруге, ойын жүйелеуге дағдыландыру
Сабақтың түрі: Қайталау - бекіту сабағы
Көрнекілігі: «Қазақстан» картасы, транспорттар суреттері, билеттер, жолдамалар, тесттік жұмыс парақшалары.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ -
жауап, жарыс, мадақтау, ынталандыру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.
- бүгінгі сабағымыздың мақсаты: ондық бөлшектерге қандай амалдар қолдауды үйренсек, соларды қайталау арқылы тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін «Қазақстан» қалаларына саяхаттаймыз.
Қалаларымызға саяхатымызды бастамас бұрын сыныптағы оқушылар үш топқа бөліп аламыз. Олар: «Туристер», «Саяхатшылар», «Зерттеушілер» болып жарысқа түсеміз.

ІІ. Есептер шығаруға кіріспе:
Енді, балалар осы үш топ болып «Қазақстанға» саяхатымызды бастамас бұрын мына конверттерден жолдамамызды алайық. Ол үшін жолдаманың артындағы тапсырмаларда орындау қажет. Мұнда сіздерге жай бөлшек түрінде берілген сандарды ондық бөлшек түрінде жазу қажет.
«Туристер» тобының жолдама есебі: және
Жауабы: 0, 56 және 0, 8
«Саяхатшылар» тобының жолдама есебі: және
Дұрыс жауабы: 1, 6 және 0, 72
«Зерттеушілер» тобының жолдама есебі: және
Дұрыс жауабы: 0, 15 және 3, 2

ІІІ. Практикалық жұмыс.
- Балалар, енді жолдамамызды алсақ, енді бағыттап көрсетілген қалаларға саяхатымызды бастаймыз.
1. «Туристер» тобы конверттен алған жолдамалары арқылы Әйтеке би – Ақтөбе – Көкшетау – Семей – Астана қалалары бағытында саяхаттайды. Бұл қалаларға олар жеңіл машина арқылы саяхаттайды.
Ақтөбе қаласына жету есебі: 32, 75+47, 25=80
32, 75
+
47, 25
80, 00
Көкшетау қаласына жету есебі: 0, 28 - 0, 2=0, 08
0, 28

0, 2
0, 08

Семей қаласына жету есебі: 7, 2*2=14, 4
7, 2
*
2
14, 4
Астана қаласына жету есебі: 4, 9: 0, 7=7
4, 9 0, 7
49 7
0
2. «Саяхатшылар» тобы мына бағыттар бойынша автобуспен саяхаттайтын болады: Әйтеке би – Қызылорда – Талдықорған – Шымкент – Алматы.
Қызылорда қаласына жету есебі: 28, 24+41, 76=70
28, 24
+
41, 76
70, 00
Талдықорған қаласына жету есебі: 1, 49 - 0, 4=1, 09
1, 49

0, 4
1, 09
Шымкент қаласына жету есебі: 3, 5*7= 24, 5
3, 5
*
7
24, 5
Алматы қаласына жету есебі: 5, 5: 0, 5=11
5, 5 0, 5
5 11
0 5
5
0
3. «Зерттеушілер» тобы Әйтеке би – Өскемен – Орал – Ақтау – Атырау бағыты бойынша машинамен саяхатқа шықпақ.
Өскемен қаласына жету есебі: 81, 79+38, 21=120
81, 79
+
38, 21
120, 00
Орал қаласына жету есебі: 7, 55 - 0, 5=7, 05
7, 55

0, 5
7, 05
Ақтау қаласына жету есебі: 8, 9*4=35, 6
8, 9
*
4
35, 6
Атырау қаласына жету есебі: 8, 1: 0, 9=9
8, 1 0, 9
81 9
0

ІV. Бекіту
Енді, әрбір топ қалаларымызға жетіп болсақ, сол жеткен қаламызда сіздерге арналған «Парижге» саяхат билеті бар. Париж қаласына бару үшін мына адасқан әріптерден сөз құрайық:
АНТНРАУЛСА - НАТУРАЛ САН (17)
КЫОДЕБШӨЛҚН - ОНДЫҚ БӨЛШЕК (4, 25)
1. «Туристер» тобының адасқан әріптері: ТЕӨУБКЙ - КӨБЕЙТУ
17*4, 25=72, 25
2. «Саяхатшылар» тобының адасқан әріптері: УҚСО - ҚОСУ
17+4, 25=21, 25
3. «Зерттеушілер» тобының адасқан әріптері: УБЛӨ - БӨЛУ
4, 25: 14=0, 25

Енді, адасқан әріптерімізді тауып болсақ сол амалдарды тақтадағы адасқан әріптерден шыққан сандарға қолдану арқылы жауабымызды айтамыз.
Туристер тобы 2 натурал санын 8, 4 ондық бөлшегіне көбейтіп, «Саяхатшылар» тобы 2 натурал санын 8, 4 ондық бөлшегіне қосу амалын орындасы, «Зерттеушілер» тобы 8, 4 ондық бөлшегін 2 натурал санына бөлу арқылы жауаптарын айтады.
Топтың кейбір мүшелерімен жұмыс:
Тест тапсырмасы:
1) Ондық бөлшек түрінде жаз:
А) 9, 9
Б) 0, 99*
В) 100, 99
Г) 99, 100
2) Ондық бөлшекке айналдыр:
А) 1, 4
Б) 0, 4
В) 0, 25*
Г) 4, 25
V. Қорытындылау:
Балалар, бүгін сендерге Париж билетімен қоса қосымша құнда баяндалған: ол үшін мына сызбаны дұрыс орындау қажет:
VІ. Үйге тапсырма №
VІІ. Бағалау:
Жеңіске жеткен топты жалпы құттықтау, басқа топтарға да өз еңбектері үшін рахметімді айта келіп, топтың белсенді оқушыларын «Өте жақсы», «жақсы» деген бағалармен бағалау. Тест жұмыстарын, оқушылардың белсенділік көрсетуіне байланысты бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×