Сайтқа кіру Тіркелу

Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу

Сабақтың тақырыбы: Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау, толықтыру, санның бөлігін табу ережесін үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, берілген тапсырманы тиянақты орындау, жай бөлшекті жазу каллиграфиясын таза, көркем жазу дағдыларын дамыту;
3. Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абайдың өлеңдерін сыйлауға, құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: парақшалар, интерактивті тақта, Абайдың суреті, ДК.
Сабақтың типі: Білім мен дағдысын қалыптастыру
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы
Пәнаралық байланыс. Қазақ тілі мен әдебиеті, өмірмен байланыс

- Балалар сіздер әдебиет пәнінен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныссыздар. Ендеше «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінде қандай бес асыл қасиеттер туралы айтады. Есімізге түсірейікші. (Оқушы жауаптары)
- Өте жақсы балалар ендеше бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың осы өлеңімен байланысты болмақ.
Сабақ барысында әрбір кезеңге атау беріп, соңында алғашқы асыл қасиет жазылған сөзді аламыз. Ең бірінші кезеңіміз «ТАЛАП» деп аталады, бұл кезеңде сендерге бұрыннан таныс жай бөлшектер, олардың қасиеттерін білу және еске түсіру талап етіледі.

1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? Мысал келтіріңдер.
3. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
4. Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай азайтылады? Мысал келтіріңдер.
5. Аралас сан бұрыс бөлшек түрінде қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
Осы сөзге байланысты оқушылардан мақал сұрау мыс: «Талаптыға нұр жауар»

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×