Ашық сабақ. Математика «Таңбалары әр түрлі сандарды қосу». 6 сынып
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыты, қарқындылығы, қоғамның ашықтығы, жедел ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру кеңістігіне енуі - білім білім беруде жаңаша көзқарасты және тиімді технологияларды қолдана білуді талап етеді. Осыған байланысты өзім білім беретін математика пәні бойынша сабақ барысында биоақпараттандыру және синергетика технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технологияның басты мақсаты - сапаны басқару.
Биоақпараттандыру және синергетика технологиясының мәні - оқыту үдерісінде әр жеке оқушының физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу және оқушының психологиялық қабілеттерін, оның даму және өзін - өзі ұйымдастыру үдерістеріне пайдалану болып табылады.
Биоақпараттандыру және синергетика технологиясын жүзеге асыру:
Ойлаудың: жылдам ойлау, логикалық ойлау, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ойлау сияқты сипаттарын дамыту үшін мұғалім сабақтың бөлімдерінің бағытында оқушыларға ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру.
Оқушыларды жалықтырып алмас үшін: мұғалім ойды алмастыратын психологиялық сергіту түрлерін қолдану.
Технологияны табысты қолдану үшін: мұғалім бірнеше карталар жүргізіп онда оның барысын төмендегідей тіркеп отырады:
Мұғалім жаңа материалды түсіндіріп болған соң оқушыларға өз бетінше орындауға бірінші жұмысты береді;
Осы жұмыс бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтап алып, мұғалім материалдан қайтадан өз бетінше екінші жұмысты ұйымдастырады, бірақ түсіндіруге де, өз бетінше жұмысқа да алдындағыға қарағанда екі есе аз уақыт бөледі;
Екінші жұмысты тексеріп оқушылар біліміндегі олқылықтарды есепке ала отырып оқушылардың үшінші өз бетінше жұмыстарын жүргізеді;
Арнайы картаға оқушылардың тапсырманы орындау уақытын жазып қояды. Үш жұмысты да орындай алмаған оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
Жазбаша тексеру жүргізілгенде әр оқушының жұмысты орындаған уақытын картада белгілеп отыру және алғашқы орындаған балалар кейін орындаған балаларға көмектеседі. Мұндай көмектің екі оқушыға да пайдасы бар. Бұл сыныптағы психологиялық ахуалға оң әсер етеді.
Оқушылардың есте сақтауын дамыту. Жаңа материалдар бойынша тақтаға осы тақырып бойынша тірек сөздер, формулалар, терминдер немесе схемалар ілінеді.
Материал бойынша оқушылар бір - біріне қарсы сұрақтар қояды, пікір алмасады
Қорытындыда мұғалім бақылау жұмыстарын алып оқушылардың сабақты игеру дәрежесін анықтайды
Бұл технология нәтижесінде білім алушының ақпараттық төзімділігі артады. Мұнда егер оқушы ауқымды ой жұмысын орындап, бірақ шаршамаса, онда оқушы ой жұмысына төселген деп айтуға болады. Сабақ барысында БжС технологиясын қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1. Оқу үдерісінде оқушылардың пәнге деген ынтасы жоғарылады;
2. Оқушылар жауапкершілікке, ынтымақтастыққа бейімделді, бір - бірімен қарым - қатынасында пікірлерін тыңдауда бір - біріне құрметпен қарайды;
3. Өз ойын ашық, еркін айтуға үйренеді, бірін - бірі бағалай біледі, қателіктерін дер кезінде түзетуге үйренеді, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланады;
4. Оқушы кез келген ортаға тез бейімделеді.
БжС технологиясы бойынша өткізген сабағымның үлгі жоспарын ұсынамын:
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу
Сабақ мақсаты: Оқушыларға таңбалары әрүрлі сандарды қосуды меңгерту, есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, уақытты тиімді пайдалануға үйрету
Сабақ типі: жаңа білім қалыптастыру
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ауызша, жазбаша есептеу, «Алгоритм» картасы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындықтарын тексеру, сабаққа ынтасын шоғырландыру
ІІ. Сабаққа әзірлік
1. Үй жұмысын тексеру
2. Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын айқындау, түсіндірме жұмыстары
Түсіндіру уақыты: әр оқушыға сызбалар тарату. Сызбалар бойынша түсіндіру
Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табу:
1. Үлкен модульден кіші модульді азайту керек
2. Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек
- 3+4= 1, өйткені │- 3│=3, │4│=4, 4 - 3=1, үлкен модуль таңбасы (+)
№464 есеп ауызша орындалады, қатарлар бәсекелеседі
Толық нұсқасын жүктеу
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу
- ramuk_b
- 13 наурыз 2018
- 3522
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 6 сыныпқа арналған математикадан сабақ жоспары, әр түрлі сандарды қосу
Ұқсас жаңалықтар:
Сабақта ойын технологиясын қолданудың берер нәтижесі
Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтарды жүзеге асыруда ойын технологиясын қолданудың мәні зор. Ойын - баланың...Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; Дамытушылық:...Математика сабағында ойын элементтерін қолдану
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскеріліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді...Математика пәнін оқытуда СТО технологиясының тиімділігі
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Жеке жұмыс жүргізу арқылы оқушы қабілетін дамыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.