Сайтқа кіру Тіркелу

Еңбек пен білім туралы мақал-мәтелдер

Мақалдар дегеніміз не?
Мақал — халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өмірлік тәжірибесінен алынған нақыл сөздер. Олар белгілі бір оқиға немесе жағдайға байланысты терең мағыналы, тәрбиелік мәні зор ойды қысқа әрі нақты жеткізеді. Мақалдар әдетте тұжырымды қорытынды жасайды және көбінесе екі бөлімнен тұрады.

Еңбек туралы мақал - мәтелдер:

Еңбек етсең — емерсің.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Еңбегі көптің — өнбегі көп.
Қызылша ексең — қант аларсың,
Бидай ексең — нан аларсың.
Еңбек түбі — береке.
Ер еңбекке — егеулі найза.
Еңбек етсең, жер жомарт.
Тер төкпей, тәтті жеу жоқ.
Шыдамды еңбек — шын бақыт.
Еңбек — адамның екінші анасы.

Білім туралы мақал - мәтелдер:

Білім — инемен құдық қазғандай.
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім — таусылмайтын кен.
Өнерліге өріс кең.
Оқыған озар,
Оқымаған тозар.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Білімнен асар байлық жоқ.
Білім ал — білікті бол.
Ғылым — теңіз,
Білім — қайық.
Білмесең — үйрен,
Көрмесең — көргеннен сұра.

Еңбек пен білім туралы ортақ мақал - мәтелдер:

Еңбек пен білім егіз.
Еңбексіз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Оқусыз — білім жоқ,
Білімсіз — күнің жоқ.
Білім жолы — ауыр жол,
Еңбек жолы — жарық жол.
Еңбекпен тапқан нан тәтті.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×