Ел жасымен көрікті.
Тау тасымен көрікті.
Аяқ асымен көрікті.
Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.
Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.
Басы қатты болса,
Аяғы тәтті болады.
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.
Баста ми жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.
Жүрген аяққа жүргем ілінеді.
Баста ми жоқ болса, екі аяққа күш келер.
Арыстан айға шабамын деп,
Артқы аяғы мерт болыпты.
Қу аяққа бата тұрмас.
Ат аяғын тай басар.
Екі аяқ қымыздың бір аяқ желі бар.
Бестің басы болғанша,
Алтының аяғы бол.
Дарға аяғынан сүйреген адамдай.
Жүрек тілесе жүрдек аяқ жүгірер.
Екі аяққа қарызданып,
Тағы екі аяқ жалғады.
Аяғыңның ұшына да қара,
Аллаңның тұсына да қара.
Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.
Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.
Ақылсыз бас екі аяқты зорлайды.
Көп басқан аяқ шоқ басады.
Шайтан азғырса, арық аттамай - ақ аяғың сынады.
Аты жоқтың – аяғы жоқ.
Аяғы сынған жатып семіреді,
Қолы сынған жүріп семіреді.
Басын бастайды,
Аяғын тастайды.
Басына тартса – аяғына жетпейді,
Аяғына тартса – басына жетпейді.
Семіздің аяғы сегіз.
Адам аяғының тұзағы — бала - шаға.
Аяқ туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 4129
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аяқ туралы мақал-мәтелдер, аяқ, семіздік, сандық мақал, сан туралы мақал
Ұқсас жаңалықтар:
Тағдыр туралы мақал-мәтелдер
Ажалды киіктің Аяғы тыныш жатпайды. Жазмыштан озмыш жоқ....Бала туралы мақал-мәтелдер
Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді. Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады. Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың....Шаршы, тіктөртбұрыштың қасиеті
Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды? (Үш торғай)...Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан олимпиада есептері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің математика пән мұғалімі Зоя Губашева...Сандарға байланысты мақал - мәтелдер
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.