Атаның құны, ананың сүті,
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Ата балаға сыншы.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Өлі бураның басымен тірі атаңды қорқытпа.
Атадан — өсиет,
Анадан — қасиет.
Ауыр жол — атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Аталы айғыр үйірін
Жауға алдырмас.
Ата көрген жігіт
Ауылын дауға алдырмас.
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
Ата баласының
Ат меңіндей белгісі болады.
Ата баласы
Азарыңда асық ойнайды.
Атадан бала туар
Атасының жолын қуар.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Аталы ұл — қожалы құл.
Атасыз ұлдың ауызы үлкен.
Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.
Атасы жоқ — мас жетім,
Анасы жоқ — қас жетім.
Атаңда болғанша,
Алақаныңда болсын.
Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.
Бала анаға аян,
Атаға күмән.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Бір бала, атаға жете туады,
Бір бала, атадан өте туады,
Бір бала, кейін қарай кете туады.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Ата өнері — балаға мұра.
Ата кәсібі — бала нәсібі.
Ағадан — ақыл,
Атадан — нақыл.
Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.
Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.
Ата жолы — бала жолы.
Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.
Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Ашылмаған ұра жоқ,
Атадан қалған мұра жоқ.
Тұңғиықты қара су,
Түйе бойлап шыға алмас.
Кім атадан кем туса,
Оның сөзін пұл алмас.
Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.
Атаға қыз қонақ.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Алыссаң - атаң да болса жық,
Аясаң - көтеріп жібер.
Аталы сөзге арсыз таласады.
Ата – баланың қорғаны.
Атаға баланың алалығы жоқ.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Атасын сыйлаған абыройға бөленер.
Атасы мылтық атқанның баласы оқ жонар.
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.
Ата өлсе де атаны көрген өлмесін.
Атадан - өсиет, анадан - қасиет.
Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.
Тай өссе, ат тынығады,
Бала өссе, ата тынығады.
Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.
Қонақ атаңнан да ұлы.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Алпыстағы атаңды жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.
Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
Ата — бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Ата, ана, бала, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 10 қараша 2019
- 21039
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Ата, ана, бала, ұл, қыз туралы мақал мәтелдер, мақалдар ата жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Ұл, қыз туралы ұлағатты сөздер
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. Қорқыт ата...Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Қазақ халқының мақал-мәтелдері
Ұста пышаққа жарымас, Етікші етікке жарымас. Жоқшылық ердің қолын байлар. Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді. Батыр туса ел ырысы Жаңбыр...Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл.»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі: Бекетова Клара Рысалдиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.