Туған жердің торғайы да сүйкімді.
Туған жердің торғайы
Тұрымтайдай көрінер.
Құлыны тайдай көрінер,
Қыздары айдай көрінер.
Туған елің болмаса,
Тумай - ақ қойсын күн мен ай.
Туған жердің
Түйе жейтін жапырағы да дәрі,
Түйе аунайтын
Топырағы да дәрі.
Туған жердің күні де ыстық,
Күлі де ыстық.
Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.
Пәлен жерде пайда бар,
Өз жеріңдей қайда бар?!
Ит екеш ит те туған жерін аңсайды.
Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер.
Дарақ бір жерден көгереді.
Бақа батпағына, балық көліне
Ел мен жер егіз.
Көп ел - сарқылмас көл.
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
Көп біріксе - ел болар,
Көп тілегі көл болар.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Өз елің өзекке теппесі.
Ауылым - алтын бесігім.
Өз елің - алтын бесік.
Ер - елінде, гүл - жерінде.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Бақыр қазан қайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім, өлең төсегім.
Өз елінде көртышқан да батыр.
Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Атамекен туған жер,
Кір - қоңыңды жуған жер.
Кіндігіңді кескен жер,
Кісі болып өскен жер.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Өз еліңнің иті де қадірлі.
Туған жердің түтіні де тәтті.
Танымайтын жердің ой - шұқыры көп.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
Туған жерің түсіңе кіреді.
Сарала қаз көлін сағынар.
Жеріне қарай жемісі.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
Туған жерге туың тік.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.
Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.
Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
Туған жердің кадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Қараған өз жерінде гүрілдер.
Сулы жер, нулы жер —
Құс біткенге туған жер.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Есің барда елің тап.
Туған жер туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 6 қараша 2018
- 8171
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туған жер туралы мақал мәтелдер, мақалдар, мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Ел, ер, халық, жұрт, көпшілік туралы мақал-мәтелдер
Су жүрген жер береке, Ел жүрген жер мереке Көптің қолы көкке жетеді....Туған жер
Армысыңдар, туған жер, туғандарым, Кезіп жердің тау – тасын, нулы орманын Келіп тұрмын, безгем жоқ өздеріңнен – Мені алысқа сендерден қуды арманым....Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың. Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі....Туған жер
Апырай! Туған жер - ай! Теңдесер кім Бұл жерге сен болмасаң келмес едім. Кіндігімді байлаған қазағым - ай Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.