Өтірік деген дұшпан бар,
Отқа сүйреп салады.
Әділет деген аға бар,
Дұшпанның қолын қағады.
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.
Таң атпайын десе де
Күн қоймайды.
Өтірікті қуалап
Шын қоймайды.
Жыртық үйді жел табар
Өтірік сөзді шын табар.
Өтірік сөз жанға қас.
Өткір пышақ қынға қас.
Шын — бір сөз,
Өтірік — мың сөз.
Шындықтың шырқы бұзылмас,
Өтіріктің өрмегі жиылмас.
Өтірік айтқанша үндемеген абзал.
Шындық бар жерде
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ.
Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді ел табар.
Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.
Ер өтірік айтпайды,
Ер өтірік айтса да
Ел өтірік айтпайды.
Өтірік сөз — жанғақас,
Өткір пышақ – қынға қас.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
Қамыс отын емес,
Жалыны бар да шоғы жоқ.
Өтірік сөз досым емес,
Айтқан жерде өзі жоқ.
Өтірікті — шындай,
Ақсақты — тыңдай.
Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.
Жұрт өтірік айтпайды,
Жоқ өтірік айтады.
Өтірік туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2018
- 4164
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өтірік туралы мақал мәтелдер, өтірік, шындық, дүние жүзі халқының мақалы
Ұқсас жаңалықтар:
Шындық туралы ұлағатты сөздер
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат -...Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды. Өтірікшінің жаны күйер, Ұрлықшының малы күйер....Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу...Қырық өтірік ертегісі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: ертегінің мазмұнын ашып, талдау. Дамытушылық: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына...Қырық өтірік ертегісі
Әдебиет 5 сынып Тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.