Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
Қайыр бар жерде ырыс бар.
Жақсылықтың ерте - кеші жоқ.
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Жақсы адамның танысы көп, жаман адамның жақыны жоқ.
Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.
Істеген жақсылығын біреуден болмаса, біреуден қайтар.
Жамандық пайда етпейді, жақсылық зая кетпейді.
Егінші мәрт – жер жомарт.
Не ексең, соны орарсың.
Көзі жаманның сөзі жаман.
Жақсы туса – елдің ырысы,
Жаңбыр жауса – жердің ырысы.
Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.
Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң - азарсың.
Жақсы көргенін мақтап жүрер, жаман көргенін даттап жүрер.
Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады.
Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың.
Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 14 қыркүйек 2018
- 13979
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жақсылық пен жамандық туралы мақал мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:

Бұл дүниенің мысалы
Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең....
Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал-мәтелдер
Түстік өмірің болса, Кештік білім жи. Астыңдағы атыңа сенбе, Қойныңдағы қатыныңа сенбе....
Жақсылық туралы ұлағатты сөздер
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. Шәкәрім Құдайбердіұлы...
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.