Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Ақыл — арман, ой — өріс.
Ақыл айнымас, алтын шірімес.
Ақылды қыз — ауыл көркі.
Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді.
Ақыл - ауыздан,
Мерей - көзден.
Білім - бұлақ,
Ақыл - жағалай біткен құрақ.
Ақыл шыңы - даналық.
Ақыл көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Айғайлы жерде ақыл аз.
Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
Ақыл – дария,
Ой – теңіз.
Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.
Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.
Ақылды елден сұра,
Дақылды жерден сұра.
Әкеден — ақыл,
Анадан — мейір.
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.
Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.
Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қой асығы демей - ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей - ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Ақыл ердің қорғаны.
Жау жоқта – батыр көп,
Дау жоқта – ақыл көп.
Ағадан — ақыл,
Атадан — нақыл.
Майда сөйлеп, ірі шық,
Ақылдының бірі шық.
Ақылдының айналасы — гүлстан.
Мастық шалқығанда, ақыл тартылар.
Жаманға айтқан ақыл,
Жапанға атқан оқпен тең.
Ашу келсе - ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер?
Ашу — дұшпан, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Ақыл — ауыздан,
Мерей — көзден.
Ашу дұшпан, ақыл дос -
Ақылыңа ақыл қос.
Аш ақылмен тоқ болмайды.
Ақыл — дос, ашу — дұшпан.
Айла алтау,
Ақыл жетеу.
Айла мен ақыл қосылса
Алдырмайтын екеу.
Ашу асып жүрген жерде,
Ақыл қашып жүреді.
Ақыл туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 13 қыркүйек 2018
- 4365
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақыл туралы мақал мәтелдер, ақыл, мерей
Ұқсас жаңалықтар:

Аға, іні туралы мақал-мәтелдер
Алпысқа келгенде, Алты ағаң болсын. Жетпіске келгенде Жеті інің болсын. Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет....
Алтын туралы мақал-мәтелдер
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық. Алтын тастан шығады, Ақыл жастан шығады....
Ашу туралы мақал-мәтелдер
Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше. Қатты күркіреген күн Тез ашылады. Қатты ашуланған адам Тез басылады....
Адамның біліміне ақыл серік
Адамның біліміне ақыл серік, Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік. Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер, Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік....
Ақыл туралы ұлағатты сөздер
Білімдімен дос бол, Сасқанда ақыл береді. Мөңке би Керенау ақылда әзілге орын жоқ. Уильям Шекспир...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.