— Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! — деді бір кезде, сөзден іш толды, құлақ сарсыды. Қақыраған қыста торғай екеш торғай да күнелтеді. Құдайым сол құрлы жаратқан шығар.
Әдетте, сәби аяғын тәй - тәй басып жүре бастағанда тұсауын кеседі. Ата - әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы, дәл осы тұсау кесуге байланысты деп сенген.
Ахат ата баланың тамырын бір сәт ұстап, үнсіз қалған. Құныстана жүресінен отырып, басын ірге жаққа бұрып, көзін шарт жұмып алған. Қартайғанда қас та ағарады екен, жалбыраған бурыл қас жұмулы көзін көлегейлеп тұр.
Бала бидің атасы азан шақырып қойған аты — Бименбет. Бала би — лақап аты. Бименбет әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалады. Әкесінің інісі Арғынбайдың атын ерттеп, қасына ереді.
Жұпар атқан кең жазықтың төсіне жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша зырлап келе жатқанда, ұшқыр қиял шіркін де тығырында тоқырап қала алмайды - ау.
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды. Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма?
Мақсаты: Адам басының бюстін сомдау. Олардың пропорцияларын, формасының модельдерін жеткізу машықтарын иелену. Міндеттері: Бет - әлпет мүшелерінің пропорциялары мен конструкциясын сараптау. Форма көлемдері мен ерекшеліктерін жеткізу. Бөлшектерді өз бетінше модельдеу. Өлшемдерді пропорционалды азайту – масштабында жұмыс істеу машықтарын дамыту.