БАЯНДАМА
«Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік»
Мектепшілік пед оқу
І. Кіріспе
а). Құзыреттілікті дамыту жолдары
ІІ. Негізгі бөлім
ә) Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңызы
б) Информатика сабағындағы оқушылардың құзыреттілігін дамыту
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш - қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой - өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
«Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс - жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.
Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс - тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс - әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД - ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс - әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің маңызы
«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл - оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән беріп, зейінді жарықпен салыстырады.»- деп А. Байтұрсынов айтқандай әр сабағымызда оқушылардың бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көп көңіл бөлінуіміз қажет дей келе, мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік, интегралдық сипаттама ретінде төмендегі қызметтерді жүзеге асырумен анықталады.
Информатика пәні мұғалімі Абдикерова Құралай
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік
- aiboll
- 22 қазан 2016
- 4884
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Баяндама, білім сапасын арттырудағы құзыреттілік
Ұқсас жаңалықтар:
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру кепілі
«Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып...Қорытынды аттестациялауға оқушыларды дайындауда мұғалімдердің кәсіби құзіре ...
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының білім беру бөлімінің физика пәні әдіскері А. К. Еслямова...Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану
Казталов ауданы, Нурсай ауылы, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Арыстангалиева А.Қ...Математика сабағында деңгейлік оқытудың тиімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Мәртөбе ауылы «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Даулетбаева Оразгул...Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 2 кәсіптік лицейдің арнаулы пән оқытушысы Жаймақова Роза Сағындыққызы Әдістемелік құралда «Электротехника» пәнінен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.