К.- Ж. К. Тоқаевтың «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» халықаралық форумындағы сөзі туралы
2025 жылдың қазан айының соңында Қазақстанның астанасы Астана қаласында «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» атты стратегиялық серіктестердің екі күндік халықаралық форумы өтті. Бұл маңызды іс - шараға шетелдік және отандық жетекші университеттердің ректорлары, халықаралық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Форум еліміздің халықаралық білім беру үдерісінің толыққанды қатысушысы болуға деген ұмтылысын айқын көрсетті. Іс - шараға шетелдік серіктес оқу орындарының басшылары, халықаралық аккредитациялық және рейтингтік агенттіктердің өкілдері, сондай - ақ дипломатиялық корпус мүшелері де қатысты.
Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев бағдарламалық мазмұндағы сөз сөйледі. Қазақстан Президенті әрбір сөзінде ғылым мен білім саласының маңыздылығына ерекше тоқталып, оларды «шекарасы жоқ, бүкіл әлем елдерін біріктіретін стратегиялық маңызы бар маңызды салалар» деп атады. «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын қозғаушы күш, ал университеттер – алдыңғы қатарлы идеялар мен ғылыми зерттеулер орталығы», – деді ол.
Мемлекет басшысы қазіргі білім беру жүйесіндегі жетістіктерге тоқтала келе, бірқатар маңызды көрсеткіштерді атап өтті:
1. 2019 жылдан бері бұл салаға бөлінетін қаржы үш есеге артты;
2. жоғары оқу орындарының дербестігі кеңейіп, зерттеу университеттерінің саны көбейіп келеді;
3. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды;
4. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды;
5. 2024 жылдан бастап елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%- ы балалардың жеке шоттарына аударылады;
6. 5 жастан асқан балалар үшін ерікті ата - аналық жарналарды жинақтап, баланың болашақ білім алуына бағыттайтын «Келешек» бірыңғай жинақ жүйесі іске қосылды;
7. Бес қазақстандық университет әлемнің үздік оқу орындарының қатарына енді;
8. Қазақстанның жоғары білім жүйесіндегі халықаралық ықпалдастықтың дәлелі ретінде 40 жетекші шетелдік университет қазақстандық ЖОО - лардың серіктестері болып табылады, елімізде 33 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, университеттерде ағылшын, қытай және орыс тілдерінде оқыту жүйесі белсенді түрде енгізілуде. Бұл – Қазақстанның жаһандық білім беру кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанының айғағы.
Президент еліміздің алдағы мақсаттары мен басым бағыттарын да айқындап өтті. Қазақстан университеттері қарқынды дамып, әлемдік рейтингтерге толыққанды қатысуы қажет. «Біздің еліміз алдағы уақытта экономиканы жаңғыртуды, жаңа өндіріс секторларын қалыптастыруды, жасанды интеллект технологияларын барлық салаға енгізуді және Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекет ретінде дамытуға ұмтылады», – деді Мемлекет басшысы.
Білім беру ұйымдарында жасанды интеллектті дамыту мен енгізу, осы салада мамандар даярлау мәселесіне ерекше мән берілуде. Елде зерттеушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың өзара іс - қимыл жүйесі құрылуда. Бұл бағыттағы келешегі зор қадамдардың бірі – жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарда технология трансфері кеңселерін құру болмақ.
Сөзінің қорытындысында Қ.- Ж. К. Тоқаев: «Біз бірлесіп жүзеге асырып жатқан реформалар – Қазақстанның жарқын болашағына бастайтын басты жол. Сондықтан біз білім мен ғылымға сүйене отырып, Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Күшті Қазақстанды құруды жалғастырамыз», – деп атап өтті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары академиялық дипломатияны ілгерілетуге бағытталған халықаралық іс - шараларды қолдайды.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
А. К. Ахмедова, М. П. Ешимов
К.- Ж. К. Тоқаевтың «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» халықаралық форумындағы сөзі туралы
- ramuk_b
- 10 қараша 2025
- 0
- 0
- 0
Ілмек сөздер: К.- Ж. К. Тоқаев, Қазақстан – академиялық білім беру аумағы, халықаралық форумы
Ұқсас жаңалықтар:

Қазақ ұлттық университетіне 90 жыл: Тарих, жетістіктер және болашаққа бағда ...
2024 жыл – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі үшін маңызды кезең. Себебі елдегі ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби...
Мемлекеттік және ұлттық университеттер сатылмайды – Қ - Ж. Тоқаев
Бұл мәселе ерекше бақылауда, деп сендірді Қазақстан Президенті Ұлттық сенім кеңесінің отырысында. Қазақстандағы мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу...
Қ.- Ж. К. Тоқаевтың Тяньцзинде өткен ШЫҰ 25 - ші саммитінде сөйлеген сөзі т ...
2025 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қ.- Ж. К. Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитінде сөз сөйледі....
Қазақстан Президенті Қ.- Ж. К. Тоқаевтың Жолдауына шолу
Дәстүр бойынша, Мемлекет басшысы қыркүйек айының басында Парламент палаталарының, Министрлер Кабинетінің, басқа да мемлекеттік құрылымдар өңірлерінің...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.