Сайтқа кіру Тіркелу

Жарықтың сынуы. Шағылу заңдары

1. Білімділік: Жарық құбылыстарының жаңа қасиеттерімен танысу, сыну ұғамын қалыптастыру, сыну заңы мен формуласын қорытып шығару, сыну құбылысының схемалық суретін сала білу;
2. Дамытушылық: Өмірден, табиғаттан, техникадан, күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше ізденуге, алғырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, электрондық оқулық, ресурстар
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Блум» таксономиясы, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының кейбір элементтері, «Джигсо» әдісі, Идеяны суреттеу» әдісі
Психологиялық тренинг. «Тамаша екен» бір біріне жылы ілебіз айту. Мысалы: бүгін тамаша екен себебі: бізде ашық сабақ т. с. с

Сабақтың барысы:
1. Білу
2. Түсіну
3. Қолдану
4. Талдау
5. Жинақтау
6. Бағалау.

І. Білу. Тест жұмысы.
1. Жарықтың дифракциялық торды өткеннен кейінгі ауытқу бұрышы формуласы анықтайтын мұндағы d деген не?
a) Тор ұзындығы b) Тор периоды c) Тор жиілігі d) Тор кернеуі
2. Электромагниттік толқын қандай толқын?
 a) Қума b) Көлденең c) Жазық d) Жанама
 3. Линзалардың қандай түрлері болады?
 a) Мөлдір және мөлдір емес b) Тегіс және бұдыр
 c) Қарапайым және күрделі d) Жинағыш және шашыратқыш
 4. Ортаның сыну көрсеткішінің формуласын табыңыз.
 a) b) c) d)
 5. Жарық жылдамдығының тұрақты мәнін анықтаңдар:
 a) 2*108 м/с b) 4*108 м/с c) 3*108 м/с d) 5*108 м/с
Жауаптар:
 5дұрыс жауап ------- «5»
 5 дұрыс жауап ------- «4»
 3 - 4 дұрыс жауап ----- «3»
 1 – 2 дұрыс жауап ----- «2»
«Миға шабуыл»
Төмендегі суреттен не байқап отырсыңдар?

ІІ. Түсіну. «Идеяны суреттеу» әдісі бойынша жоба қорғау.
І топ: Жарық.
ІІ топ: Жарық жылдамдығы
ІІІ топ: Жарық көздері
IV топ: Жарықтың шағылу және сыну заңы
ІІІ. Қолдану. «Ойлан, Жұптас, Талқыла» әдісі
Практикалық жұмыс
Жарық көздерінің қандай түріне жатады?
1 - топ: Электр шамының жарығы
2 - топ: Фонар жарығы
3 - топ: Балауыз шамның жалынының жарығы

Жарық бөлшектері – бұл фотондар бұлар денелерге түсіп, заттың бөлшектерімен әсерлеседі, яғни жарықтың әсерінен денелер қызады. Маталардың бояуы оңады, фототопластинкалар қараяды.
Мысалы: Күннің жарығы барлық денелерге әсер етеді.
Ваккумдегі жарық жылдамдығы дүниедегі ешбір дененің жылдамдығынан артық бола алмайды. Яғни 3•108 м/с. Мұны есте сақтау керек.
Заттарда жарық жылдамдығы ваккумге қарағанда аз, мысалы ауада жарық жылдамдығы 299711 км/с, суда 225000 км/с, шыныда - 200000 км/с.

Шағылу заңы.
Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған. Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған.
Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
α – түсу бұрышы, β – шағылу бұрышы.
∠α= ∠β

• Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
• Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.

Сыну заңы.
Сыну құбылысы қалай болады. Егер стаканға су құйып, оған қарындаш салып, бүйіріне қарасақ, бір бөлігі әрірек жылжып кететін сияқты. Сұрақ, бұл неліктен олай болады?
Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығына байланысты: с װ γ
α – түсу бұрышы γ – сыну бұрышы
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп атайды.
Екі ортаның шекарасына түскен жарықтың біраз бөлігі шағылады, ал біраз бөлігі сына отырып, екінші ортаға өтеді. Егер бет тегіс болса, онда айналық шағылу орын алады. Егер екі ортаның шекарасы кедір - бұдыр бет болса, онда шашыраған жарықтың диффузиялық шағылуы орын алады.

IV. Электронды оқулықтан тәжірибелер көрсету.
V. Есеп шығара білеміз бе? Оқулықпен жұмыс.
№4. 1. 1 Егер толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с болса, 440Гц жиілік кезіндегі толқын ұзындығын анықтаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×