Шаттық күнді талай бірге жырластық,
Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық.
Замдарымыз болса-дағы бірнешеу,
Бастығымыз - бәрімізге бір бастық.
Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,
Мамандармыз, болмайды істе білместік.
Бірімізге тілекшіміз бәріміз,
Жүрмейді мұнда пендешілік күндестік.
Таныс мұнда барлығы да ал саған,
Басқа ұжымды емессің сен аңсаған.
Әрбір жылың осында өткен бағалы,
Біледі соны осы жерде қанша адам.
Қарайлаумен мағыналы өткенге,
Құттықтаймыз төбең көкке жеткенде.
Мақсаттарың жүзеге ассын ойдағы,
Мақсаты жоқ бізде өйткені жоқ пенде.
Шын тілекші саған бүгін екен ел,
Жұмысыңда жетістікке жете бер.
Биіктерден қол бұлғасын марапат,
Еткен еңбек қашанда да өтелер.
Әрбір күнің сеніміңді ақтасын,
Аман болсын өз отаның - отбасың.
Тәжірибең тың ойларға жетелеп,
Бола берсін басыңда тек бақ басым.
Тағы лебіз айтайық жақсы болып кеш,
Сен де талай ұжымдасты дәріптес.
Саған табыс тілейді бүгін барлығы,
Құтты болсын қуанышың, әріптес!
Ұжымдас әріптес тілегі
- ramuk_b
- 14 қазан 2018
- 14684
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ұжымдас әріптес тілегі, тақпақ, өлең, коллегелар тілегі
Ұқсас жаңалықтар:
Қызыма
Туған күнің құтты болсын, жан қызым, Айшам менің еркелеген сəн қызым. Ата - анасын жетелейтін жұмаққа, Алтыннан да қымбат маған əр қызым....Күндестік құрысын!
Қандай рақат! Жүрейік, достар, күнде өстіп. Ренжу деген, Ренжу деген - білместік....Достар тілегі
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....Әпкенің сіңліге тілегі
Өмірге сыйлағандай көктем гүлін, Той болып қуаныш күн жеткен бүгін. Көтерген құтты болсын шаңырағың, Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін....Бөбекке тілек
Сеніменен атаң-әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.