Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!
Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.
Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.
Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.
Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің-ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей-ақ көзінде мұң.
Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл-қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда, ауырма, ана!
Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан-асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!
Анаға тілек
- ramuk_b
- 2 наурыз 2020
- 4451
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Анаға тілек, мамаға арнау, өлең шумақтары, тақпақ, құттықтау
Ұқсас жаңалықтар:
Келін туралы мақал-мәтелдер
Әдепті келін - ауылдың көркі Келінді келін демесең, Жақсы болса өз қызың. Күйеуді күйеу демесең, Жақсы болса өз ұлың....Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн....Достар тілегі
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...Дастарханға бата беру, ас қайыру
Дастарханың бай болсын, Қазан - аяққа май толсын. Төрт түлігің сай болсын, Көңілің толып жай болсын. Ұлың қонып ұяға, Қызың қонсын қияға. Келінің...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.