Рухани - танымдық сүрлеулер
Тұмар тастардың да өз ерекшеліктері бар
Тастардың да адам өмірінде алатын орны бар. Оны халық аузында қалған «Ақыл – гауһар бағасыз, ақымақ – ауру дауасыз» деген қанатты сөзден де аңғаруға болады. Мән бере қарасақ, ақылды гауһар таспен теңегені тегін емес. Сонан кейін, «Адам – гауһар, қолы – гүл» нақылында да адамның өзін гауһарға балауда үлкен мән бар. Яғни, гауһар сияқты тұмар тастар адам үшін бағалы болғаны.
Тастардың қасиетін анықтап, түбегейлі зерттеумен айналысқан ғалымдар төмендегідей қорытындыға келген:
Жарықпен шағылысу көрсеткіші жоғары алмас, тастың төресі саналған. Ол – ең бағалаы тас. Бұл тас жағымсыз энергиядан, қарғыс, дуалардан сақтап, күш - қуат, қайрат беріп, жігерлілік, жеңімпаздықпен өлшеніп, мазасыз түстерден арылтады екен. Алмастың ұмытшақтықты емдейтін де қасиетін ескеріп, сондай - ақ жүрегінде дімкәсі барлар да алмас әшекейлерді тағып жүргендері дұрыс. Жүйке жүйесі шаршағандарға да пайдалы. Алмастың жасыл түстісінің екіқабат әйелдердің жеңіл босануына да септігін тигізер қасиеті бар.
Алмас тасының бір ерекшелігі – біреудің қолына озбырлық жасалып, әділетсіздікпен, ұрлықпен жетсе, алған иесіне бақытсыздық пен қасірет үйіртеді. Сонымен бірге, алмастың күшті энергетикасы әлсіз жандарға кері әсер беріп, оларға да жаға қоймайды. Ал атадан балаға қалдырылған немесе сыйға алған алмастың тылсымдық қасиеті үдейді.
Ал қызыл агат (жұзақ) – улы өрмекші, қарақұрт, бүйі, сарышаяндардан қорғайды. Жасыл агат болса, көптеген көз ауруларын басып, бәсеңдететді. Сондай - ақ жасыл көзді агат тасы бар сақина салынған ішкен әйел ешқашан бедеулікке ұшырамайды екен. Ал қоңыр немесе қызғылт сары агаттың әсерінің күштілігі сонша – ауырған адам қолына ұстап отырғанның өзінде бойға жылдам әсер етіп, жазылып та кетеді. Бұл тас бақыт пен байлық, ұзақ өмір әкеліп, көз тиюден сақтайды. Үшбұрышталып жасалған агат тұмары ішек ауруларынан сақтаған.
Коралл (маржан) – тіл - көзден сақтап, бедеулікке қарсы қызмет етеді. Оның ұсақ ұнтақтары медицинада қолданылады.
Коралл (маржан) тасы – ішкі түйсік (интуиция) пен логиканың дамуына ықпал етер бақыт тасы. Мойынға таққан тас тұмау мен бас ауруынан айығуға көмегі зор. Сақинасы қан тазаруға көмектеседі.
Лағыл (рубин) – сиқыр - дуалардан сақтайды. Бұл тас салынған суды асқазан ауруларын емдеуге, ұнтағын қан тоқтатуда қолданған.
Аметист (мөлдір көкшіл түсті асыл тас) – әшекей, тұмар ретінде буынның ауруларына ем. Араққұмарлықтан сақтап, есте сақтау қабілетін де жақсартып, сипап жүрсе әжім мен секпілмен де күреседі.
Анар (гранат) тасы – иесін махаббатқа, беріктікке бастаған және түрлі зақымдардан қорғап, тері ауруларының алдын алатын, жаман түстерден қорғайтын тас. Анар – еркіндік пен қуаныштың, беріктіктің, қайраттылықтың, өжеттіліктің символы саналған.
Қызыл түсті анар – жүрек ауруы мен қан айналымын жолға қойып, жақсартуға әсері бар. Ал сары және қоңыр түсті анар терідегі бөртпе ауруларын емдеуге, бас ауруын жазып, дене ыстығы көтерілгенде оны түсіруге, әйелдерге жеңіл босануға көмектеседі.
Ашық түсті зүбәржат (изумруд) – ұйықсыздыққа көмектесіп, бұл да дене ыстығын түсіріп, түрлі қабынуларды емдеп, қан қысымын реттеп, инфекцияларға қарсы тұра алатын даналық тасы.
Зүбәржат адамның еңбек қабілетін арттырады. Көз ауырып, көру төмендегенде 15 минуттай қабаққа қояды. Тас салған суды ішу пайдалы. Жасыл түстісі – мазасыздықты басып, көру қабілетін жақсарта алады.
Жақұт (сапфир) – әсем, керемет асыл тас. Жақұттың түстері: қанық көк, күлгін, әйнектей ақ, алқызыл және жасыл болып келеді. Иесі қаншалықты мейірімді, инабатты болса, тастың емдеу қасиеті де соғұрлым арта түседі екен. Ұйқысыздыққа, тұмауға, астмаға, бел мен жүректі емдеуге, қан қысымын түсіруге, жүйкені басуға көмегі зор. Жаман ойлардан арылуға көмектеседі. Күйзеліс пен қорқынышты басып, шаршағанға күш береді. Көктемнің көкөзегіндде тағып жүрген тиімді. Тас салынған су көз ауруларына көмектеседі. Бұл тастың тағы бір ерекшелігі – біреудің иесіне жалған сөйлеп тұрғанын сезінуіне мүмкіндік беруі.
Жалпы, нефрит, зүбәржат, амозонит сияқты жасыл түсті тастар сары ауру және бауыр ауруларымен ауыратындарға көмектеседі. Қызылы қанды тоқтатса, қоңыры небір аурулардан сақтайды, қара және ақ түсті тастар тіл - көзден аулақ ұстаған.
Інжу, меруерт (жемчуг) – қан айналымын жақсартады. Тас салынған су, ағзадағы аурулардың асқынып, қабынуының алдын алады. Әсіресе, әйелдердің ауруының алдын алатын қасиеті жоғары.
«Балшықта жатса да өзгермейді» дейтін гауһартас (бриллиант) пен лағыл (рубин) көңіл - күйді көтереді. Қан қысымы жиі көтеріліп кететіндер осы тастардан жасалған әшекейді тағып жүрсе жағдайы біршама жақсы болады.
Көгілдір ақық (бирюза) көкшіл түсті тас – адамды пәле - жаладан, улы заттардан, көз ауруларынан сақтайтын бақытты тас атанған. Оның көз ауруларына да емдігі бар. Жүрек, өкпе, бауыр ауруларына, жоғары температураны түсіруде, ұйқысыздық пен аллергия ауруларына жақсы көмектеседі. Бұл тастың да өзіндік бір ерекшелігі – мойынға не қолға таққанда қарайса, онда бойда бір дерттің барын білдіргені.
Янтарь (кәріптас) тасы адамды шаршағандықтан арылтады. Теріні қартаюдан қорғайды. Янтарь тасынан жасалған моншақ тамақ, құлақ, мұрын ауруларынан тез жазылып кетуге үлкен септігін тигізеді.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Тұмар тастардың да өз ерекшеліктері бар
- ramuk_b
- 13 қазан 2024
- 194
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұмар тастар, тастардың қасиеттері, аметист, жақұт
Ұқсас жаңалықтар:
Дәріні қай кезде ішкен дұрыс?
Таңғы сағат 7 - ден 9 - ға дейін асқазан - ішек ауруларын емдейтін дәріні қабылдаған пайдалы. Сағат 9 бен 11 арасы – қалқанша безінің ісінуін басуға...Халық емі: Тәспі тартсаңыз, ауырмайсыз
Тәспінің қасиеті мен пайдасы жайлы не білесіз? 1. Жолыңыз ашылмай, жоспарларыңыз кері айналып, қатты ашуға булыққанда “Субхан Аллаһ” деп тәспі...Ең пайдалы азықтар жайлы
Әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялап отырмыз, мұқият танысып шығып керегіңізді алыңыз!...Түрлі - түсті тақтайшалар
Атырау қалалық № 20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның Монтессори маманы. Ермекова Шаттық Нығыметқызы...Ғажайып түстер емі
№20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақша бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.