Сайтқа кіру Тіркелу

Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері

Уақытыңды басқар: Адамның жас ерекшеліктері мен өмірінің кезеңдері
Құран Кәрімде көптеген жерде әл - мисақтан (әлімсақ, рухтар әлемі) бастап ана құрсағындағы түрлі сатылар, балалық, жастық, егделік, кәрілік, қабір әлемі мен ақыретке дейінгі әр алуан кезеңдерді атап өтеді. Күнделікті өмірдегі құқытық (фиқһ) және тәрбиелік тұрғыдан маңыздылығы мен қажеттілігі себебінен аяттарды негізге ала отырып, діни қайнар көздерде адам өмірін бес кезеңге бөледі:
1) балалық шақ (туфулият, сабәуәт) – 0 - 15 жас арасы;
2) жастық шақ (шәбәбәт) – 15 - 30 жас арасы;
3) кемелдену (куһуләт) – 30 - 60 арасы;
4) егделік (шәйхухат) – 60 - 80 жас арасы;
5) кәрілік (һәрам, әрзәлул - умр) – 80 - нен кейін.
Балалық шақтан басқа кезеңдердә анықтау барысында ғалымдар арасында әртүрлі көзқарастар болған. Дегенмен олардың арасындағы айырмашылықтар айтарлықтай көп емес және көпшілік ғалымдардың көзқарасы жоғарыдағы белгіленген жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Балалық шақты маңыздылығына байланысты өз ішінде әртүрлі кезеңдерге бөліп қарастырады: 0 - 2 жас – сәби (сүт ему кезеңі), 2 - 7 жас – ғуләм(бүлдіршін кезең), 7 - 10 жас – тәмииз жасы (оңы мен солын ажырата бастаған кезең), 10 - 15 жас – мураһиқ жасы (жасөспірім, өтпелі кезең).
Тек балалық шақты ғана емес осылай одан кейінгі кезеңдерді де ары қарай нақтылап бөліп қарастыруға болады.
Жастық шақтың кезеңдерін екіге бөлуге болады: 16 - 20 жас – бозбала - бойжеткен, 20 - 30 жас аралығы – жас. Кемелдену жастарын бөлетін болсақ: 30 - 40 жас – орда бұзар, 40 - 50 жас – қамал алар, 50 - 60 жас – ел ағасы.
Бұл кезеңдердің әрбірінің адам өмірінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан да адам баласы мәнді де мағыналы өмір сүруді қаласа, осы кезеңдерге тиісінше көңіл бөліп, уақытын жсопарлап, барынша тиімді өткізуге тырысқаны жөн. Осы орайда аталған әрбір кезеңде адамның уақытын қалай жоспарлау қажеттігі жөнінде тоқталып өтпекпіз.
Әл - мисақ атты рухтар әлемінде жаратылған адам жаны бұл дүниеге жіберілу сәтін күтеді. Алла Елшісі (с. а. с.) хадисте былай дейді: «Шын мәнінде, әрбірің ана құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады, сонан соң ол сонша уақыт ұйыған қан түрінде және сонша уақыт бір кесек ет тәрізді болады. Содан кейін періште жіберіледі де оған үрлеп жан ендіреді. Және ол төрт нәрсені: оның ризық - несібесін, ажалын, амалдарын және оның бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады».
Осыған орай, ана құрсағында титтей ғана ұрық тамшысы ретінде пайда болғанынан бастап ана болашақ сәбиінің жаны үрленіп, тағдыры жазылғанша барынша көп дұға етіп, тағдырының оңынан, ісінің ізгісінен болуын тілегені дұрыс. Ана құрсағына біткен балаға төрт айдан соң жан берілгеннен кейін оның бұл дүниедегі тіршілігі басталып - ақ кетеді. Бұл кезде ол әлі жарық дүниені көре қоймағанымен, анасы арқылы дүниеде болып жатқан жайттар, оның ішінде уақыт та оған өз әсерін тигізбек. Осы тұста әлі дүние есігін ашпаған балалары үшін болашақ ата - ананың жауапкершіліг басталып кеттіге саналады. Болашақ әке баласын көтеріп жүрген анасына баланың дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдай жасауға міндетті болса, ана өзіне асқан жауапкршілікпен қарап, екі жүректі тасып жүргенінің байыбына бара білуі қажет. Сырттағы анасының не істеп жүргені іштегі балаға да әсер ететіндіктен болашақ ана құрсағында бала болған тоғыз ай он күндік кезеңін дұрыс өткізуі тиіс. Уақытын барынша жоспарлы қолданып, баланың дұрыс жетілуіне, сырттан зиянды әсер алмауына, толыққанды демалып, құнарлы тағамдардан қажетті қорегін ала алуына жағдай жасалуы қажет.
Сәби дүниеге келгеннен кейінгі уақытта да жануарлар мен құстар сияқты басқа жаратылыстардай бірден өзін - өзі алып кете алуы мүмкін болмағандықтан, оның өмірінің алғашқы кезеңдеріне ата - ана жауапты. Әкесі көбіне түздің адамы болғандықтан, баланың күнделікті күтімін анасы атқаратыны анық. Анасы баласының дүниедегі алғашқы күндерінен бастап сәбиінің өмірінің әрбір сәтін дұрыс өткізуі үшін уақытын жоспарлы түрде тиімді пайдалануға міндетті. (жалғасы бар)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт

Уақытыңды басқар: Мұсылман және уақыт

Құран Кәрім адам өмірін басты бес кезеңге бөліп қарастырған: балалық шақ, жастық шақ, кемелдену, егделік, кәрілік. Мұндай кезеңдерге бөлу әр дәуірдің...
Уақытыңды басқар: Қай уақытта ояну қажет?

Уақытыңды басқар: Қай уақытта ояну қажет?

Жаратылыста біздің тағдырымыз бен әл - ауқатымызға, қуатымызға қатысты заңдылықтар бар, бұл адамның ұйқыдан тұру уақытына тікелей тәуелді....
Дәріні қай кезде ішкен дұрыс?

Дәріні қай кезде ішкен дұрыс?

Таңғы сағат 7 - ден 9 - ға дейін асқазан - ішек ауруларын емдейтін дәріні қабылдаған пайдалы. Сағат 9 бен 11 арасы – қалқанша безінің ісінуін басуға...
Түн бен оның кезеңдері

Түн бен оның кезеңдері

Түн дегеніміз күннің батуынан бастап, таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігі белгілі. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің...
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

5. Істі кейінге қалдыру Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінге қалдыру әдеті. Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды. Одан құтылу...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×