Сайтқа кіру Тіркелу

Алдағы ауа райы жөнінде не білесіз?

Алдағы ауа райы жөнінде не білесіз?
Қазақ халқы сайын даламызда емін - еркін көшіп жүріп, табиғат құбылыстарын мұқият бақылаған. Ол кезде бүгінгідей ауа райын болжайтын стансалар болмаса да, халқымыз жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын, өлкемізге тән жайттарды жадына тоқып, соған қарай қам жасаған. Олай болса, ежелден келе жатқан жаңылыспас сол жорамал жайлы біздің де біле жүргеніміз жөн деп ойлаймыз.
«Кіші қазан» – 28 - қыркүйек – 3 - қазан аралығы. Бұл кезде күн суытып, алғашқы салқындық байқалады. Одан кейін қазанның 3 - 4 - іне қарай күн жылынып, бір сәт жазға қайта оралғандай күй кешесіз. Мұны үлкендер «Қазанның шуағы» деп атайды.
«Кіші қазанның шығысы» 10 - ші қазанда басталады. Ауа райы бұзылады, жерге қырау түсіп, шөптер қурайды. Теректердің жапырақтары түседі. Халқымыздың «қазанның суығына шалынбай тұрып шөпті жинап алу қажет» дейтіні осы кез. Бұл кезде күн қысқарып, ұзақтығы 11 сағат 3 минутты көрсетеді.
«Үлкен қазанның кірісі» – 28 - қазан – 8 - қараша аралығы. Онда тағы да ауа райы бұзылып, қар аралас жауын - шашын жауып, үскірік жел соғады.
«Үлкен қазанның шығысы» – 18 – 28 қарашада білінеді. Алғашқы аяз тұрады. Қыстың табалдырықтан аттағалы жатқанының хабаршысы.
«Киіктің бұрқағы» – 19 – 29 желтоқсан аралығында болатын бұл уақытта көбіне қар жауып, ұйытқыған боран соғады, сықырлаған аяз тұрады. Бұл киіктің шағылысатын уақыты. Күннің ұзақтығы 7 сағатты құрайды.
«Қарға адым ұзарады» – бұл 22 желтоқсаннан кейін күн ұзара бастайтынын білдіретін ұғым. Оның «Қарға адым» деп аталуы тегін емес, мысалы, 22 - ші желтоқсандағы күннің ұзақтығы 7 сағат 1 минут. Ал 27 - сінен бастап күніне 1 минуттан,: droplet: 4 қаңтардан бастап күніне 2 минуттан, 15 - інен әрі кейде күніне 3 - 4 минуттан қосылып ұзарып отырады.
Міне, осы ай мен жыл соңына дейін бізді алда осындай ауа райы күтіп тұр.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жиырма бесінші қазан бұл

Жиырма бесінші қазан бұл

Жиырма бесінші қазан бұл Жиырма бесі қазанның оу қазағым, Республика күні біздер тойлайтын. Кұтты болсын мерекең келіп жеткен, Қанмен бірге...
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар

Алғашқы үсік жүретін қара суық айы – қазан. Бұл ай жаңбырлы, түні қараңғы, су беті қабыршықтанар, бозқырау түсер ай....
Ауа райын құстар да болжай алады

Ауа райын құстар да болжай алады

Қызғылт қоқиқаз сирек кездессе де ауа райын алдын ала болжай алатын қабілетке ие. Алдағы бір - екі күнді емес, бүкіл жазды болжай алады. Көктемде...
Қазақ халқының ауа райын болжауы

Қазақ халқының ауа райын болжауы

Қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата - бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз - кем тоқталуды...
Ауа райын болжау хақында

Ауа райын болжау хақында

Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×