Салт - дәстүр сөйлейді: Азан шақыру дәстүрі
Ескі кітаптарда «тағдыр тақтасының кілті – азан» деп айтылады. Адам тілек айтар алдында азан шақырса, «тағдыр тақтасы» кітабының кілті ашылады, тілеген бар тілек сонда жазылады. Адам тілек тілеп болып, бетін сипағанда «тағдыр кітабы» қайта жабылады. Егер бетін сипамаса, жын - перілер келіп адамның пешенесіне жаман жолға өзгертіп жібереді деп сенеді.
Бұл дәстүрді «азан айту» немесе «азан шақыру» деп атайды. Әлі күнге дейін Қытай қазақтарының арасында кеңінен таныс. Ал тәуелсіз Қазақстан аумағында Қазан төңкерісіне дейін болған. Қазір азан тек намаз оқитын кезде және балаға есім қоятын кезде айтылады. Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, «азан шақыру» – қазақ арасынан жоғалған дәстүрлердің бірі.
Ал, Қытай қазақтарында біреу үй салса, үйленсе немесе баласы оқуға сапарға аттанса, артынан ата - анасы, туған туыстары дауыстап азан айтып, артынша қолын жайып тілек тілейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Салт - дәстүр сөйлейді: Азан шақыру дәстүрі
- ramuk_b
- 24 қаңтар 2022
- 741
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Азан шақыру, тағдыр тақтасының кілті – азан, тағдыр тақтасы
Ұқсас жаңалықтар:
Салт - дәстүр сөйлейді: Тұсау кесу
Тәңірі тағала Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жаратып, жер бетіне жібереді. Олар өте ажарлы, сұлу болған екен. Бір - бірін ұнатып қалады....Аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар
Аңға шыққан аңшыға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады. Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе...Бетіңді баспа
Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты....Ашына атауы
Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті...Адам атын ардақта!
Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназия Сынып жетекшісі: Жақсылықова Г. Ж....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.