Сайтқа кіру Тіркелу

Өмірді жеңілдететін нәрселер

Білгенге – маржан
Өмірді жеңілдететін нәрселер
Кей нәрселерді үйрену үшін сан мыңдаған жылдар қажет емес. Кішігірім кеңестерді көкейге түйіп алу үшін айналасы 5 - 10 минут жеткілікті.

Егер көпшілік алдында сөйлегенде, жоба қорғағанда, баяндама жасағанда сөзімді ұмытып қаламын деп алаңдасаңыз, қолыңызға бір бөтелке су ұстап тұрыңыз. Айтар сөзіңіз ауызға түспей қиналғанда, судан бір ұрттағанша аптығыңыз басылып, сөз де есіңізге түседі.

Телефоныңызды қалтаңыздан шығарып, үшсекундтық видео түсіріңіз. Күн сайын осы әрекетті қайталай отырып, бір жылда айналаңызда не болғаны жөнінде 18 минуттық бейнежазба тамашалай аласыз.

Телефонда хабарламаңыз байқамай басқа абонентке жіберіліп қойса, дереу «Ұшақта» режиміне қойып үлгеріңіз. Хабарлама жіберілмей қалады, оны өшіре саласыз.

Телефоныңыз сізге бірнеше уақыттан соң аса қажет болады, ал қазір қуаты таусылып барады, не істеуге болады? Авиарежимге ауыстырыңыз, қуаты екі есе ұзақ сақталады.

Компьютерге «Википедияны» толығымен жүктеп алсаңыз, Интернет өшірулі кезде де қолдана берсеңіз болады.

YouTube сайтынан бейнежазба көріп отырғанда, 1 - 9 аралығындағы пернелерді басып шықсаңыз, бейне алға қарай жылжығанына куә боласыз.

Балаңызға электронды пошта ашып, оның қызықты суреттерін жіберіп отырыңыз. Өскен соң логині мен паролін өзіне айтып, қызыққа қарқ қыласыз.

Егер көлікпен келе жатқанда соңыңыздан біреу еріп келе жатыр деп күдіктенсеңіз, бір жаққа қарай төрт бұрылыс жасаңыз. Алғашқы тұрған орынға қайта келесіз, егер көлік әлі де сізге ілесіп келе жатса, күдігіңіз расқа айналғаны.

Киімдерді сөреге тігінен жинаңыз. Сонда аз орын алады және оңай табылады.

Үйден шығарда әлдебір нәрсені ұмытып кетпейін деп алаңдасаңыз, киіп шығар аяқ киіміңіздің ішіне салып қойыңыз.

Сыныпта қаламыңыз жоғалып кете беретін болса, ішіндегі көк сиясын қызыл не жасыл сиялы қаламның сыртымен ауыстырып қойыңыз. Қызыл қаламды ешкім ұрламайды.

Құлпынай сатып аларда оны иіскеп көріңіз. Жағымды иісі шықса, тәтті болғаны. Ал сырты қып - қызыл болғанымен, иісі жоқ болса, дәмі де аса жақсы емес деген сөз.

Апельсин, грейпфрут секілді жемістер сатып аларда көлемі қандай болса да, салмағына мән беріңіз. Ауыр болған сайын шырынды әрі дәмді болмақ.

Пеште пісіретін тағам әзірлейін деп жатқанда жұмыртқа алуды ұмытып кеткен болсаңыз, орнына банан қолдануға болды. Жарты банан бір жұмыртқаға тең.

Көзіңізге бір нәрсе түсіп кеткенін байқасаңыз, көз қарашығын төмен қаратыңыз, көзді үлкен етіп ашыңыз да жыпылықтатыңыз.

Дүкенде сатушы не кеңесшіні таба алмасаңыз, қымбат тауардың жанына барып, тұра қалыңыз. Сол нәрсені сатып алғысы келді екен деп ойлайды да, кеңесші қасыңызға өзі - ақ жетіп келеді.

Әлеуметтік желілермен көп уақытыңыз босқа өте ме? Телефоныңыздағы арнайы қосымшаларды (приложение) өшіріп тастап, кеңейтілген браузер арқылы кіріңіз. Көз алдыңызда көрініп тұрмаған соң, себепсіз кіре беру жиілігін азайтасыз, ал браузер арқылы кірем дегенше, кіргіңіз келмей қалады.

Ұйқыға жатар алдында 15 минутыңызды қиып ертеңгі күнге жалпылама жоспар жасаңыз. Жазуға ерінсеңіз, тым құрығанда, ойша жасап қойыңыз. Келесі күні міндетті түрде орындауға талпыныңыз.

15 минуттық күлкі денсаулыққа 30 минут отырып - тұрғанмен тең дәрежеде әсер етеді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Жетістіктің жүз қадамы. Маубастық

Маубастық – адам бойындағы жаман әдеттердің бірі. Артық ұйқы сіздің жұмысыңызға да, денсаулығыңызға да кері әсерін береді. Сіз көп ұйықтаған сайын,...
Ақшадан маңызды дүниелер

Ақшадан маңызды дүниелер

Ақшадан маңызды дүниелер Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені...
Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді  ...

Өміріңізді сапалы қылып өткізіңіз. өмір уақытымен емес, сапасымен өлшенеді ...

Өміріңізді сапалы түрде өткізіңіз. Өзіңізді әрдайым бақытты сезініңіз. Егер бақытты болуға бір нәрсе жетіспей тұрса, соны зерттеңіз, соған тартылыңыз....
Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор

1. Телефон, электронды пошта, СМС Уақытты жоғалтудың ең бірінші әрі басты себебі – телефон, электрондық пошта, смс секілді күнделікті кедергілер...
Емтиханға қалай дайындалу қажет?

Емтиханға қалай дайындалу қажет?

Емтиханға дайындықты қалай жасау керек? Емтихан алдында өзіңді қалай дайындау керек? Осы және басқа сұрақтарға жауап іздеп көрейік....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×