Рухани - танымдық сүрлеулер
Дүниедегі ең...
Терең ойдым шұңқыр
Құрғақ құрлық секілді теңіз түбі де әртүрлі болып келеді. Теңіз беті тегіс көрінгенімен, олардың түбі тегіс емес. Теңіздердің астында кәдімгі таулар да, жазық та, шұңқыр да бар. Дүние жүзі теңіздеріндегі ең терең ойық - шұңқыр Тынық мұхиттың Филлипин теңізімен шектескен Мариан аралдарының маңында. Оның тереңдігі, ең биік саналып келген 8848 метрлік шың – Эверестен де биік, 11022 метр екен. Тағы бір таңқаларлығы, теңіздерде кездесетін әртүрлі шұңқырлар, мұхиттардың басты бөлігінде емес, материктерге жақын жерлерге орналасқан.
Үлкен әрі терең үңгір
Үңгірлердің түрі көп. Қанша түрлі құрлық болса, үңгірлер де әртүрлі. Әсіресе тау жынысты жерлердің үңгірі, жер сілкінісіне төтеп бере алмағандары болмаса, мәңгілік сақталады деуге келеді. Сондай - ақ мұхит - теңіздерде мұз үңгірлері де болады. Бірақ олар еріп, қосылып, көбінде мұз болып та қала береді. Дүние жүзіндегі ең ұзын үңгір – Флинт - Мамонтова – Америка Құрама Штаттарындағы Кентукки штатында. Оның ұзындығы – 345 км. Ал ең терең үңгір – Жан - Бернар – Францияда. Оның тереңдігі бір мың бес жүз метрге жуық.
Табиғи құбылыстарға байланысты тау жыныстары жарылып, бірнеше метрге созылған жаңа үңгірлердің пайда болып жатқанына таңғалуға болмайды.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Терең ойдым шұңқыр
- ramuk_b
- 19 сәуір 2021
- 2297
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үлкен әрі терең үңгір, қызықты географиялық мәліметтер, Қызықты деректер
Ұқсас жаңалықтар:
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту. картамен, оқулықпен жұмыс, өз бетімен оқып...Гидросфера әлеміне саяхат
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Байдосова Гульнар Абуталиповна...Каспий теңізі
Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру. Олардың физикалық географиялық жағдайына...Мұхиттар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Джубанова Н....Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Джубанова Н....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.