Сайтқа кіру Тіркелу

Атбегілік арналары: Биенің сыны

Атбегілік арналары: Биенің сыны
Қазақ жұртында: «Құлын жатырына, бала нағашысына тартады» немесе «Алып анадан, ат биеден туады» дейтін тәмсіл бар. Демек, жүйрік құлынның тууы – аталық айғырмен қатар енелік жақсы биеге де байланысты.

Жүйрік құлын табатын биенің сыны:
1. Жүйрік құлын табатын бие әуелі кәрі болмауы қажет. Кәрі биенің құлыны нәзік, тұяғы жұқа болады, жер таңдап шабады. Тастақ, қатты жерде бәйгеге қосылса, қанша жүйрік болса да тасырқап шаба алмайды. Құмайт жұмсақ жердің ғана жүйрігі болады. Нағыз болат тұяқты жүйріктер бесті биеден туады.
2. Жүйрік табатын биенің – тұрқы, яғни денесі ұзын, құйрық - жалы сұйық, шоқтықты, басы етсіз, қамыс һәм мүкіс құлақты, бауыры жазық, қарынды, қарынсау, сүті мол, иіген кезде сүт өзінен - өзі тамшылап тұрады. Сүтін құлыны еміп тауыспайды.
3. Егер ішіндегі құлын еркек болса, бие төс артындағы көк етіне дейін ісініп желіндейді. Әредік оң жақ бүйіріне қарай беретін әдеті болады. Басқа жылқылар жусаған кезде ол жатпайды. Оң жақ (қамшылар жағы) артқы аяғына салмақ салып, сол аяғының ұшымен тұрады. Оң жақ бүйірінде оңға ширатылған орай пайда болады. Бұл сипатқа ие биеден жүйрік құлын туады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×