Пайдалы кеңес
САЛИҚАЛЫ БАЛА ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?
Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі солай қайталана берді.
Ылғи осы көріністі көріп жүрген бала бір күні сізден:
Әке, ол сізге дауыс көтерді ғой. Бірдеңе деп айтып тастасаңызшы, - дейді. Сонда сіз:
Мен Құдайдан қорқамын. Алла бізді көріп тұр ғой, - деп жауап берсеңіз, бала санасына тәрбиенің ұрығын ектім деп есептей беріңіз...
Кейде үнемі басқаларға жақсылық жасап, туыс - туған мен көрші - қолаңның, дос - жаранның бәріне жомарттық танытып жүрген сізге балаңыз кейіп:
Әке, өзімізге де керек қой, неге ел - жұртқа таратып бере бересіз? – дейді.
Оны бізге Алла берді ғой, егер қаласа, тағы да береді. Тыққаның жоғалады, бергенің оралады, балам, - десеңіз, бұл нәрсе оның санасының ең терең түкпірінде жатталып қалады. Жұртқа жұғымды болу, қолдан келгенше жақсылық жасау бірте - бірте бойына сіңе бастайды. Сөйтіп, есейе келе ол да ізгілікке жаны құмар, адамгершілігі мол қоғамдағы «тірі» балаға айналады!
Өз кіндігімізден тараған ұрпағымыз жамандыққа жоламай, керісінше өзгелерге жақсылықты жұқтырып жүретін болса, асыл мұратымыздың орындалғаны осы емес пе?!
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Салиқалы бала қайдан шығады?
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 1761
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Туыстық атаулар сыры
Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата - анаға мәңгі қарыздар....Ысқырма
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын - пері, диюлар әке - шешесіне қарай асығатын болыпты....Ақшолпан
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты сай, төңірегі ақыл көркімен ұнаған аяулы ару...Жақсылық туралы ұлағатты сөздер
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.