Туыстық атаулар сыры
Ана (әйел) – өзіңді өмірге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы адамың. Әр ұл мен қыз ата - анаға мәңгі қарыздар. Ұрпақтары бұл адамдарды айырықша сыйлауға, құрметтеуге тиіс. Оларға қарсы келуге, ренжітуге, айтқанын орындамауға болмайды. Мұхаммед пайғамбардың (с. а. с.) хадисінде «ата - анасын ренжіткендерді Алла тағала жақсы көрмейді» деген. Әсіресе, ананың жолы мүлде бөлек. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті ұғым. Ананың өз балаларына ақ сүтімді ақтады деуі үлкен баға. Керісінше өзіне зәбір берген балаларына ана «ақ сүтін көкке сауып» қарғайды. Адам баласы үшін қарғыстың ең жаманы осы.
Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші, тілеуқор, ақ ниетті мейірбан. Ол отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы. Ана алдында – батыр да, ақын да, ғалым да кіші.
Ата көрген – оқ жонар,
Шеше көрген – тон пішер.
Аяғын көріп – асын іш,
Анасын көріп – қызын ал.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Туыстық атаулар сыры
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 1426
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Туыстық атаулар сыры, ана, ана құдіреті туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Ата- аны құрметтеу үлкен парыз
Мақсаты: оқушыларға ата - ананы құрметтеу үлкен парыз екенін дәлелдеу....Әдепті бала- арлы бала
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы...Мерекеңмен, аяулы арулар (ашық тәрбие сағаты)
БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балабақшасы, ІІ санатты топ тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна...8-наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы
8 - наурызға байланысты "Ақ ару" қыздар сайысы (сыныптан тыс шара) - Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8 наурыз Халықаралық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.