Сайтқа кіру Тіркелу

Ояну сырлары

Білгенге – маржан
ОЯНУ СЫРЛАРЫ
Әлбетте, денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы болу үшін, таңмен, тіпті төсектен тұрмастан мынандай жаттығуларды жасауды әдетке айналдырыңыз.

Оянған сәтте көзіңізді қайта жұмып, алақандарыңызбен құлақтарыңызды қысып, жоғары - төмен 20 рет айналдырыңыз. Бұл қарапайым жаттығу самайдағы қан айналымын реттеп, оятады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды күнделікті жасау көз, тіс саулығына жақсы әсер етіп, бет терісінің жағдайы мен түсін жақсартады.

Оң қолыңызды маңдайға қойып, үстінен сол алақанмен жабыңыз. Қолдарыңызбен екі шетке 20 рет қозғалтыңыз. Бұл жаттығу сізді күні бойы бас ауруынан сақтайды.

Көзіңізді жұмып, бас бармақпен көздің үстін 15 рет уқалаңыз. Бұл жаттығуды өте абай болып жасаған жөн. Жаттығу нәтижесінде көру қасиеті жақсарып, жүйке жүйесі реттеледі.

Жатқан бойда аяқты тізеде бүгіп, алақандарыңызды ішке қойыңыз. Сағат тілі бойынша қолдарыңызды 30 - 40 рет айналдырыңыз. Бұл "іш массажы" асқорыту жүйесін реттеп, іш бұлшық еттерін берік қылады. Бауыр саулығына да оң әсері бар.

Тура осылай жатып, қолдарыңызды іштен алыңыз. Қарынды ішке қарай барынша тартып, қайта шығарыңыз. 20 рет қайталанған бұл жаттығу қан мен өттің тұрып қалмауына кепіл бере алады. Сонымен қатар бауыр, бүйрек және жалпы асқорыту жүйесін реттейді.

Тізеде бүгілген аяқтарды кеудеңізге тақап, қолыңызбен құшақтап алыңыз. Қайта түзулетіп, жаттығуды қайталаңыз. Бұл жаттығу кеудені, ішті жаттықтырады.

Бұл жаттығулар жиынтығының соңында аяқ массажын істеген жөн. Бұл жалпы күні бойы аяқтарыңыз шаршамай жүруіне көмектеседі.

Біз ұсынған жаттығуларды жасап болғаннан кейін бір керіліп, тартылып, орныңыздан тұрып, жаңа күнді бағындыруға ниеттеніңіз.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында...
Компьютерде жұмыс жасау және техникалық қауіпсіздік ережелер

Компьютерде жұмыс жасау және техникалық қауіпсіздік ережелер

Компьютер кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелер. Техникалық қауіпсіздіктің жалпы талаптары: 1. Тәртіпті, аңғарымды болу. 2. Өндірістік оқыту...
Ұйқыдан оянғанда жасалатын жаттығулар жинағы

Ұйқыдан оянғанда жасалатын жаттығулар жинағы

Қостанай қаласы әкімдігінің, Қостанай қаласы әкімдігінің, білім бөлімінің № 11 бөбекжай - бақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны...
Ертеңгілік жаттығулар

Ертеңгілік жаттығулар

«Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны» Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс...
«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

«Гимнастикалық жаттығулар» , “Акробатикалық жаттығулар”

Аты – жөні: Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Мамандығы: Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жұмыс орны: Қызылқоға ауданы № 9 орта мектеп Санаты: ІІ Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×