Шыңғыс хан туралы 21 мағлұмат
Шыңғыс хан әр түрлі жолдармен ұлы адам болған: ұлы жеңімпаз, ұлы билеуші, ұлы әке.
1. Туған кезде қолында қан ұйығы болған, ал бұл ұлылықтың белгісі. Аңызға сәйкес, Шыңғыс хан дүниеге келгенде, оның қолында қан ұйығы болды: ол оған ұлы билеушінің тағдырын берді!
2. Шыңғыс хан ұзын бойлы, сары шашты, жасыл көзі және ұзын сақалы болған адам еді.
3. Шыңғыс хан 50 % еуропалық, 50 % азиялық тегі болған адам. Бұл ерекше көрініс азиялық және еуропалық гендердің бірегей қоспасының арқасында болған еді.
4. Шыңғысхан уақытында, Моңғолия өз аумағын тез кеңейтіп отырды. Шыңғыс хан Монғол империясын құрып, Қытайдан Ресейге дейін территориясын түрлі тайпаларды біріктіріп, басқарды.
5. Моңғол империясы адамзат тарихына енді. Шыңғыс ханның империясы дүниежүзілік тарихта ең үлкен бірыңғай мемлекет болды. Ол Тынық мұхитынан Шығыс Еуропаға дейін созылған еді.
6. Шыңғыс хан зор ұрпақ қалдырды. Шыңғыс ханның пікірінше, адамның ұрпағы қаншалықты көп болса, соншалықты ол маңызды екен. Оның гаремінде бірнеше мың әйел бар еді, олардың көбісі одан бала туды.
7. Азиялық еркектердің 8 %- ы Шыңғыс ханның ұрпақтары. Генетикалық зерттеулер көрсеткендей, азия еркектердің шамамен 8 %- ында Шыңғыс ханның Ү хромосомасы генде бар екен.
8. Моңғол армиясы ешкімді аямады. Шыңғыс ханның кейбір жорықтар барлық халықты немесе тайпаларды, тіпті әйелдер мен балаларды толық жоюмен аяқталды.
9. 40 миллион адамның өлімі тікелей Шыңғыс ханға байланысты екен. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, хан 40 миллион астам адамның өліміне кінәлі.
10. Шыңғыс ханның қабірінің қайда екенін ешкім білмейді.
11. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Шыңғыс ханның қабірі өзен су басқан еді. Шыңғыс хан сондай бұйрық берген еді: оның қабірін өзен сумен толтырып тастауды талап еткен, ол өлгеннен кейін ешкім бұза алмасын деп.
12. Темүжін - Шыңғыс ханның нақты аты. Туылған кезде оған Темужін аты қойылған еді - бұл Шыңғыс хан әкесіне қарсы болған және жеңіліске ұшыраған жауының есімі.
13. Шыңғыс хан ерте жастан жүрексіз деп саналды. 10 жасында ол бір туысқанды өлтірді.
14. Шыңғыс ханның тұтқында болғаны белгілі, 15 жасында Шыңғыс хан тұтқынға түсіп, қашып кетті.
15. Жаулап алған халықтар Шыңғыс ханның ұлылығын түсініп, оған үлкен құрмет көрсетіп жүрген. Көптеген халық Темужінге адалдықпен ант беріп және оны өз билеушісі немесе хан ретінде қабылдады.
16. Шыңғыс хан өз әскерін тұтқындар есебінен кеңейтуге тырысты. Ол жаулап алған тайпалардан әскерлерін алып, өз әскерін көбейтті.
17. Шыңғыс хан «соғыс кезінде барлық әдістер жақсы» қағиданы ұстады. Шыңғыс хан көптеген әдістерді пайдаланды, тыңшылықты және ақылды әскери тактиканы пайдалана білді.
18. Шыңғыс хан өзінің жақындар үшін қатаң түрде кек алды. Парсы халқы Монғолия елшісін өлтіргенде, Шыңғыс хан ашуланып, парсы халқының 90 % өлтіру деген бұйрық берген еді.
19. Ирандықтар Шыңғыс ханды жантүршігерлік түсінде көреді екен. Кейбір зерттеулер бойынша, Иран (бұрынғы Парсы) халқының саны 1900 жылға дейін моңғолдардың жойқын жорықтарына дейін жетуге мүмкіндік болған жоқ.
20. Қажет болғанда, Шыңғыс хан жаулап алған жерде ештеңе қалдырмады. Кейбір тарихшылардың пікірінше, Шыңғыс хан «өртенген жер» әскери тактикасын негізін қалаушы, яғни, кез - келген өркениеттің ізін жоюға қабілетті әскери технологияларды бірінші болып пайдаланды.
21. Шыңғыс хан кім оның билігін мойындамаса, бәрін өлтірді. Егер қандай да бір қала ұлы ханның билігіне бағынғысы келмесе, оның барлық тұрғындарын өлтірілді.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ - Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Шыңғыс хан туралы 21 мағлұмат
- ramuk_b
- 24 маусым 2020
- 2348
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шыңғыс хан туралы ақпарат, ұлы адам, ұлы жеңімпаз, ұлы билеуші, ұлы әке.
Ұқсас жаңалықтар:
Белгісіз Шыңғыс хан
Шыңғыс ханның аты бүкіл әлемге белгілі. Моңғол ордасы әлемнің жартысын жаулап алды. Шыңғыс хан империясы Каспий теңізінен Тынық мұхитына дейін...Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман...Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Монғол мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстары, оның себеп – салдары және қазақ халқының этникалық құрамы...Ақ Орда
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Бакеева Гульшат Кайржанқызы...Мұхтар Шаханов «Отырар» дастаны немесе «Туады ерлер ел үшін»
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Бестерек орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Хазез Алтынгуль...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.