Сайтқа кіру Тіркелу

Баланың жынысын жоспарлау мүмкін бе?

Баланың жынысын жоспарлау құпиялары
Осы сұрақ кімді болса да қызықтыратын шығар. Себебі қай отбасының да балалы болғысы келеді. Соның ішінде біреуі ұл баланың, енді бірі қыз баланың туылғанын іштей қалап тұрады. Осыған орай бала жынысын жоспарлаудың да түрлі тәсілдері туралы аз айтылмайды. Соның ішінде мынадай тәсілдер бар:
1. Ландрум Шеттлс тәсілі. Бұл тәсілді қолданғысы келетін әйел күндіз өз ағзасынан жетілген жұмыртқа жасушасының қалай шығатынын білуі керек. Бұған овуляцияға қатысты дәріханалық тестті қолдану жеткілікті. 3 - 4 ай ішінде «айлық қонақ» циклының қай кезінде жұмыртқа жасушасы шығады, соны анықтап алу керек. Ұрықтануға осы күн өте ыңғайлы.
Ландрум Шеттлс тәсілі бойынша, ұл бала пайда болуы үшін ерлі - зайыптылар овуляцияға дейінгі және одан кейінгі екі жыныстық жанасуға күнді пайдалануы керек деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл күндері Y - хромосоманы тасымалдаушы сперматозоидтардың аналық жасушаны ұрықтандыру мүмкіндігі өте жоғары болады.
Ал циклдың басқа күндеріндегі ұрықтанудан қыз бала пайда болуының мүмкіндігі жоғары.
Бұл мәселеде жанасудың сипаты да роль ойнайды. Доктор Шеттлс ұл қалаған жұптарға жанасу кезіндегні енудің тереңірек болуына кеңес береді. «Саяздау ену мен миссонрелік ену қыз баланың пайда болуына жол ашады», – дейді ол.
Ұл бала сүйгісі келетін әке табиғи матадан тігілген кең іш киім кигені дұрыс. Моншада, саунада аса ыстық температурада көп отырмағаны жөн. Себебі жоғары температура Y - хромосоманы тасымалдаушы сперматозоидтердің белсенділігін төмендетеді.
Ал әйел адам жүктілікті жоспарлау кезінде (туғанға дейінгі 3 - 6 ай аралығында) және жүктіліктің бүкіл кезеңінде күн сайын 08 миллиграмм фолий қышқылын қабылдағаны дұрыс.
2. «О - 12» тәсілі. Бұл – овуляция + 12 сағат» деегнді білдіреді. Яғни, егер қыз бала туу керек босла, овуляциядан кейінгі 12 сағаттан соң жанасу керек. Мұнда овуляция кезеңін дәл анықтау маңызды, чғни бірнеше тесттен өткен дұрыс. Бұл тәсіл жақсы нәтиже беруі үшін еркек қажетті жанасуға дейінгі 7 күн бойы бойынан ұрық бөлмеуі керек.
3. Патрик Шоун тәсілі. Бұл тәсіл жыныстық жасушалардың электрлік потенциалына негізделген. Жұмыртқа жасушалары белгілі бір уақыттарда өз мембраналарының бетінде оң немесе теріс заряд алып жүреді. Осыған байланысты олар теріс зарядталған Х - сперматозоидтарды немесе теріс зарядталған Y - хромосомаларды өзіне тартады екен.
Патрик Шоун жұмыртқа жасушаларының электрлік потенциалдарын зерттеп, мынаған көз жеткізіпті:
Әйел ағзасында жылдың 60 - 70 күнінде оң зарядталған әйел жынысты гаметтері және осынша деңгейде теріс зарядталғандары пайда болады екен. Ал басқа күндері жұмыртқа жасушаларында ешқандаф да заряд болады, яғни олардың ұрықтануға қабілеті төмен, болмаса мүлде жоқ.
Қысқасы, Шоун тәсілі бойынша, біріншіде, әйел жұмыртқа жасушаларының зарядын анықтап, сол бойынша жанасуға қажетті күнді есептеп шығару керек. Яғни поляризацияны анықтап, ұл немесе қыз пайда болатын күнді есептеп шығаруға болады. Бұл тәсіл 90 пайыз жағдайда дәлдік береді. Бірақ диагностикасы күрделі, сондықтан оны көп қолданбайды екен.
Қажет еткендер бұл айтылғандардан тиісінше қорытынды шығара алады. Әрине, дұға, тілек жағын да бірінші кезекте ұмытпаған дұрыс болар.
Б. РЫСҚҰЛ.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өттегі тасты қалай түсіруге болады?

Өттегі тасты қалай түсіруге болады?

Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....
Жүктіліктің белгілерін анықтау

Жүктіліктің белгілерін анықтау

Әйел жүкті боп қалғанын, дәрігерге бармай - ақ, өзі біле ала ма? Әрине, біледі. Өйткені бала бітудің бірнеше айқын белгілері бар. Солардың бірі -...
Бойға бала қалай бітеді?

Бойға бала қалай бітеді?

Бойға баланың бітуі əйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нəтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен əйел...
Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Əрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, əйел үшін де табиғи тұрақтылықты...
Денелердің электрленуі. Электр заряды

Денелердің электрленуі. Электр заряды

Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Смагулова Б. А....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×