Қара қойдың өкпесі
оны ем ретінде қолдануға болады ма?
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды. Ауыр зат көтерсем, кенеттен кілт қозғалыс жасай қалғанда тайқып кете береді. Абайсыздықты ұмытқан сайын ауырсынып, сынықшы іздеген кезім көп.
Бір күні жігіттер отырыс жасадық. Қызды-қыздымен түрлі ойындар ойнап жатқанбыз. Құрдасымды көтеріп, айналдыра жығамын деп жатқанда шынтағым тағы да тайқып кетті. Әуресін әбден көрген соң шаршағаным бар, ауырсынуға бойым үйреніп кеткен, оның үстіне жақсы отырысты қимай, сол күні сынықшы іздемедім. Ал ертеңіне күнделікті күйбең тіршілік деп тағы бір күнге кешіктім. Осы аралықта қолым қатты сыздап, мазаны ала бастады. Ісіп кетті. Ал сынықшыға барғанымда ол шыққан жерге сары су жиналып қалғанын айтты. Мазамды алып, сыздатып жатқан сол болды.
«Кешке қарай жаңа сойылған қойдың өкпесін жылы күйінде шыққан жеріңе орап таста. Ал таңертең орнына жұмыртқаның сарысын жақ. Үш күн осылай етсең жетеді», – деді Әлимаш апа. Оның айтуы бойынша қойдың шикі өкпесін алдырттық. Өкпені жұқалап кескен соң шынтағымды айналдыра орап тастадым. Таңертең қарасам әлгі өкпенің түсі өзгеріп кетіпті. Ал иісі адам төзгісіздей. Үш күн осылай еткенде бұрын кілт қозғалтсам шың етіп шаншып шыға келетін шынтағымның шынында да жазыла бастағанын сездім. Одан бері жарты жылдай уақыт өтті, қазір қолым үшін қорықпаймын, ауыр көтермейтін әдетімді қойдым.
Кейін білгенім, жаңа сойылған қойдың жылы күйіндегі өкпесін талай ауруға ем ретінде қолдануға болады екен. Оны бас сақинасында, буынға сары су жиналғанда, суықтан сүйек қақсағанда ауырған жерге таңып қойса ауруды сылып түсіреді екен. Әсіресе қара қойдың өкпесінің пайдасы көп көрінеді. Нағашы атамның буындары сырқырап ауыратын. Тізесін баса алмайтын. Қара қойдың өкпесін тізесіне таңу арқылы бұл ауруынан құлан - таза айықты. Ендеше мұндай қарапайым да оңай халық емдерін біле жүргеніміз жөн ғой.
Дәрмен МАҚҰЛБЕК.
Созақ ауданы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды
Қара қойдың өкпесімен емдеу
- ramuk_b
- 29 мам 2019
- 2822
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қара қойдың өкпесімен емдеу, сынықты емдеу, өкпе
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқының терісімен бұлап емдеу
Жақында бір келіншекпен кездейсоқ танысып қалдым. Әңгіме арасында ол тұрмыс құрғанына үш жылдан асса да әлі күнге құрсақ көтере алмай жүргенін айтып,...Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
Мен көп жылдардан бері денсаулыққа қажетті ем - дом түрлерін жинақтаумен айналысамын. Оны кітап жазу немесе адам емдеу үшін емес, өмірде түрлі...Бел ауруын керосинмен емдеу
Жасы келген адамдардың қыс ауасында сәл суық өтсе белі сырқырап ауыратыны бар. Бұл дерт, егер қателеспесем, қырықтан асқан әрбір төрт азаматтың...Қызыл майдың емі күшті
Осыдан 15 жыл бұрын асқазаным ауырып, ішім тоқтамай қалған болатынмын....Қара Қашқынбай
Бір бала жасынан мал бағып, отын - су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап - қара...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.