Қызыл майдың емі күшті
Осыдан 15 жыл бұрын асқазаным ауырып, ішім тоқтамай қалған болатынмын. Қандай ем қолдансам да нәтижесі болмады. Салмағым 70 кило жан едім, үш айдың ішінде 42 килоға дейін түсіп қалды. Ақырында жұмыста отырғанда ішім қатты ауырды. Ішіме кірпі кіріп кеткендей болып, шаншып ауырып, құлап қалдым деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Содан операция жасатам деп жүргенде бір емшіні тауып, сол кісі жазып берген болатын.
Қысқасы асқазан бүрі кетіп, жеген асың бірден сұйық болып өте беруінің емі – қызыл май екен. Таңертең, түсте, кешке тамақтан 30 минут бұрын қызыл майды 1 ас қасықпен ішіп аласың да, төсекке бір қырыңмен жатасың. Әр ретте 2-3 минуттан осылай 3-4 рет қайталайды. Ол әбден неше түрлі дәрі-дәрмектен күйіп қалған ішектің айналасын түгел майлау үшін керек. Және сау кезде жеген тамақтың мөлшерін барынша азайтып, соның жартысындай ғана асты, оның өзің асықпай, екі-үшке бөліп жейді. Ол ауырған асқазанға салмақ түсірмеу үшін жасалады. Ащы, ыстық не өте суық немесе қатты қуырылған, майлы тамақ жеуге болмайды. Осы тәртіпті 10 күн ұстанған адам асқазан дертінен мен сияқты толық жазылып кетеді.
Сүйеніш БІРАСЫЛ.
Орал қаласы.
«Ауырмаңыз!» газетінен алынды.
Қызыл майдың емі күшті
- ramuk_b
- 15 мам 2019
- 25117
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Қызыл майдың емі күшті, қызыл майдың емдік қасиеті, қызыл май
Ұқсас жаңалықтар:
Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Бал араластырған су - шын мәнінде емдік құрал
Бал араластырған судың пайдасы: - Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады....Ажалға себеп болатын аурулар
Асқазан жарасы. Дәрігерлер асқазан жарасы негізінен күйзелістен болады дейді. Ал асқазанды ауруға шалдықтырмау үшін уақытылы әлі құнарлы тамақтану...Қара қойдың өкпесімен емдеу
Бала кезімде ойнап жүріп ағаштан құлап, шынтағымды шығарып алған болатынмын. Содан бері сол шыққан жер ойнамалы болып қалды....Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.