Жасы 40 - тар шамасындағы әйел аты жаман ауруға (рак) шалдығады.
Өзіне күтім керек болғандықтан бір қызды үйіне қызметші етіп алған екен. Бірер күннен соң әйел әлгі қыздың дәретханаға жиі кіргіштейтінін байқайды.
«Темекі тартады - ау», - деген ойға қалған әйел қызды шақырып алып ол ісінің дұрыс емес екенін ескертіп, аналық ақыл айтпақ болады. Алдымен не себепті дәретханаға жиі кіре беретіндігін сұраған - ды.
Сонда қыз көздеріне жасы толып тұрып:
- «Әпке, менің өз қаламда жаңа туған сәбиім қалды. Отбасымды асырау үшін осында келдім. Дәретханаға кіріп омыраудағы сүтімді сауып тастаймын. Бұл үшін сізден қатты ұяламын, айып етпеңіз», - деп жылап жібереді.
Қызға қатты жаны ашыған әйел қолына көп ақша ұстатады да:
- «Бар, балаңа бар, қызым. Оны өсіріп, емшектен шығарған соң ғана қайтып келерсің, оған дейін басқа біреуді көмекшім етіп ала тұрамын», - деп ұшаққа билет алып беріп үйіне қайтарады. Қыздың жайы жанына қатты батады.
Арада біраз уақыт өтеді. Әйел ауруханаға барып тексеруден өтеді. Бірақ рактың ешбір ізі де байқалмайды. Дәрігерлер сенбестен әйелді қайта - қайта тексеруден өткізеді.
Дұрыс. Ешбір ауру жоқ. Барлығы бұған таңқалады.
Ал әйел көз жасына ерік беріп іштей Жаратушыға шүкіршілік айтып, Пайғамбарымыздың (с. ғ. с.): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер» дегенін күбірлеп қайталап тұрады…
Иә, расында Алла тағаланың құдіретінде шек жоқ. Ауруды өзі берген Алла өзі алады. Тек оған сеніп, дұға жасап, тек ізгі амалдар орындап жүрсек бізді Өз мейіріміне бөлейтіні анық.
Ауруларыңды садақамен емдеңдер!
- ramuk_b
- 14 мам 2019
- 1656
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ауруларыңды садақамен емдеңдер, садақаның құдыреті, шипа
Ұқсас жаңалықтар:
Мықты әйел...
*Мықты әйел боламын деп жүріп, көз жасыңды ешкімге көрсетпей, ішке жұттың. *Мықты әйел боламын деп күндіз - түні еңбек еттің, аз ұйықтадың....Қатігез бай мен тасбақа
Ертеректе бір бай кісі болған екен. Ол бай байыған сайын жаңа үйлер салады. Бірақ оған көңілі толмай биік үйдің құрылысын бастайды....Ақ тышқан мен нәресте
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір...Әйел
Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні - әйелде. Мықтымын десең ойыңды, Әйелге барып дәлелде....Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.